Атырау, 9 қараша 18:36
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Қияр ауласының құпиясы

4 795 просмотра

«Осирис-Интра» ЖШС басшылығы бюджет қаржысына салынған Ардагер ықшам ауданындағы жылыжайда өсірілетін қиярдың босату бағасын атаудан бас тартты. Азық-түлік бағаларын тұрақтандыру бағдарламасына жетекшілік ететін қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөліміндегілер де «қияр құпиясын» ашпады. Ал қала базарларындағы жылыжай қиярларының бір келісінің бағасы 470-480 теңгеге жеткен.

Қар мол жауғаннан кейін жылыжайдың қияр өсетін жарты гектар алаңының орын-жайындағы бүкіл көшеттер опат болар деп күткен едік. Алайда жылыжай жұмысшылары кішкентай қораптағы түптердің араларымен қозғалатын арба-каталкаларға мініп алып, күн сайын төрт центнердей көкөніс жинайды.

Мұның құпиясы қарапайым боп шықты – жылыжайдағы жылу тұрбалары жерге де, төбеге де жүргізіліпті. Сондықтан шатырдағы қар бірден еріп кеткен.

- «Қораптарға микробтардан өңделген ағаш жоңқалары салынған. Барлық қажетті микроэлементтерді өсімдіктер суарма суынан алады. Ылғалдылықты, 22-24 градус деңгейдегі температураны, оттегі мен көмірқышқыл газының құрамын компьютер бақылайды, - дейді «Осирис-Интра» ЖШС-нің бас агрономы Асқар ӘБУТӘЛИЕВ. - Бұл жерде Геракл, Церес және Кафкас деген үш сұрыптағы голландық будандар бар. Бұлардың бәрі өзгеше дәмді және өнімді сұрыптар. Алайда оны бес жүз теңгеге сатып алуға ниет білдірушілер көп емес.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Владимир ИСТОМИН

15 ақпан 2012, 19:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.