Атырау, 27 желтоқсан 07:01
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

ҰБТ-ге 4 ай қалды

2 110 просмотра

Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу мерзімі биылғы жылы 5 күнге, яғни, 15 маусымға дейін ұзартылатын болады.

Бұл туралыбізге Атырау облысы білім беру департаментінің жалпы орта білім беру бөлімінің бастығы Бәтима БАХТИЯРОВА хабарлады. Өту баллының  өскені туралы алып-қашпа әңгімеге қатысты түсінік беруден Бәтима Дайырқызы бас тартты.

ҰБТ-2012 өткізу жөніндегі барлық нақты ақпарат білім беру министрлігі өкілдерінің қатысуымен 21 ақпанда  өтетін мәжілісте белгілі болады, - дейді Бәтима Бахтиярова.

Естеріңізде болса, Атырау облысында өткен жылы мектеп бітіруші түлектердің жалпы санының 88,2% ҰБТ тапсырды. Біздің түлектеріміздің орташа баллы жалпы республикалық баллға тең болды:  86,37 балл – Атырау облысы бойынша көрсеткіш болса, республика бойынша  86,69  болды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 ақпан 2012, 20:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.