Атырау, 23 қараша 23:24
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жүйкені жұқартқан жүк

2 005 просмотра

Араб Әмірліктеріндегі қаңтар айында болған маусымдық көтерме саудасы әуе тасымалдаушылары үшін үлкен проблемаға айналды. Атыраулық туристер, дәлірек айтқанда «саудагерлер» жеңілдіктер маусымында жүкті үйлеріне жеткізу амалдарына бас қатырып жатпастан, қалағандарынша сауда жасаған.

 

Ұшу жолағындағы байбалам

Жақында редакцияға апта сайынғы 1531 Дубай-Атырау әуе рейсінің наразы болған жолаушылары хабарласты. Оларға 16 қаңтарда ұшар алдында салонда күтпеген жерден олардың жүктерінің барлығы дерлік Дубайда қалатындығын хабарлаған.

- Бізге ұшақтың жүгі артық болғандықтан жүктің 90 пайызын Дубайға қалдыруға тура келетінін, оны келесі рейспен алатынымызды хабарлады. Бір аптадан кейін жүгімізді әуежайдан күтіп алмақ болғанымызда, ұшып келген ұшақтың бортында жүгіміз жоқ боп шықты. «Евро Азия Эйр» әуе компаниясының өкілдері айтуынша, осы рейстің жолаушылары ұшаққа алдыңғы рейс жолаушыларының жүгі тиелетінін білген кезде, әуежайда шу шығарып, ең алдымен өздерінің жүктерінің тиелуін талап етіпті. Адамдар тіпті ұшу жолағымен жүгіріп жүрген. Сөйтіп жүгімізді тағы да қалдырып кетіпті, - деп әңгімеледі 1531 рейсінің жолаушылары.

Олардың айтуынша, «Гүл-нар-Тур» туроператорымен жасалған келісім-шартта жүктің жолаушылармен бірге жеткізілетіндігі, ал жүкті жеткізу жауапкершілігі, егер жүк нормативтен тыс боп табылмаса әуе компаниясына жүктелетіндігі жазылған.

 

«Біз жүк тасымалдаумен айналыспаймыз»

«Гүлнар-Тур» туристік компаниясы Атырау филиалының директоры Раушан ЖҰМАҒАЛИЕВА жүктің кешік-тірілуі жолаушылардың өздері-нің кінәсінен орын алды деп есептейді.

- Біздің чартерлік рейсімізге қызмет көрсететін ұшақтар шағын - 70 жолаушылар орнына арналған, - дейді ол. – Тиісінше, олар көп мөлшердегі жүкке есептелмеген. Келісім шартта туристің ұшақпен 20 кг жүк пен 5 кг қол жүгін әкелуіне құқығы бар екендігін жаздық. Іс жүзінде атыраулық туристер анағұрлым көп жүк әкеледі. Біздің компания – туристік компания, біз адамдарды алдымен демалуға апарамыз, жолаушыларды демалыс орнына дейін және кері жеткізу үшін жауап береміз. Біз жүк тасымалдайтын көлік қызметі емеспіз. Туристердің жүк көлемін шектеу үшін өткен жылы бекітілген нормативтен асқан 1 кг жүк үшін төлемді 20 долларға дейін көтердік. Бұл талапты билетте көрсеттік. Бірақ біздің туристерге Дубайдың әуежайында тіркеу кезінде жалпы жүк салмағына ешкім де бақылау жасамайды. Бүкіл жүк өлшенеді де, ұшаққа жөнелтіледі.

- Ал неліктен туристтер арнайы көлік компаниясының қызметіне жүгінбейді?

- Әдетте мұндай компанияларда жүктерді жеткізу мерзімі 3-4 апта құрайды, әрі бағасы да жоғары.

 

Жүк жеткізілді, талап жоқ

- Ең алдымен біз жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жауап береміз,- деп мәлімдеді «Евро Азия Эйр» әуе компаниясы АҚ өкілдігінің жетекші менеджері Елена СОРОКИНА.Ұшу кезінде барлық факторлар есептеледі. Сол күні ауа-райына байланысты Дубайдан ұшып келетін ұшақтың бортына Атырау арқылы Ақтөбеге әдеттегіден көп жанармай тиелген. Бұдан басқа, алдымен соңғы жету нүктесіне ұшатын жолаушының жүгі кетеді. Сондықтан әуелі ақтөбеліктерге, содан кейін ғана атыраулықтарға қызмет көрсеттік. Нормативтер туралы ескертулерге қарамастан, жүк көлемі қажетті лимиттен асып кеткен. Ол жерде, мәселен, көлікке арналған дөңгелектер, есік кәсектері, үлкен теледидарлар және т.б. болды. Сондықтан, жүктің бір бөлігін қалдыруға тура келді. Алайда салондағы жолаушылардың Дубайдағы халықаралық әуежайда шу шығарғаны сондай, ұшақ экипажы Қазақстанды масқараламас үшін солардың жүктерін тиеуге шешім қабылдады. 30 қаңтарда (екі аптадан соң – Л.С.) сіздің газетке хабарласқан туристердің жүктері Атырауға түгелімен жеткізілді. Оны Дубайдағы әуежайда сақтау шығындарын біз өз мойнымызға алдық.

Мен сол рейстің бірнеше жолаушысына қоңырау шалдым. Олар бұл ақпаратты растады. Өз жүктеріне қол жеткізгендеріне қуанғаны сондай, турфирма мен тасымалдаушыға қойған талаптарын сол мезет ұмытып та кетті.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

15 ақпан 2012, 20:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.