Атырау, 10 желтоқсан 01:47
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Өзендегі жайлы тыныштық

2 328 просмотра

Жергілікті суда құтқарушылар жыл басталғалы бүгінгі күнге дейін Жайық өзенінде суға кету оқиғалары тіркелген жоқ дейді. Олар мұны күннің қатты суықтығымен және балық аулау маусымына шектеу қойылғандығымен байланыстырады.

 -Қазір мұз үстіндегі қалың қар бетінде адамдардың ізі көп көрінбейді, мұз бетіндегі ойылған үкілер де аз. Мұз қалыңдығы шамамен жарты метр,- дейді Атырау облыстық суда құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВ.

Алайда бұл ұзаққа бармайтын тыныштық екені белгілі.  Алда  көктемгі қар ерісі мен жазғы суға түсу мерзімі келе жатыр. Ол құтқарушылар  жұмысының ең қызған тұсы. Қазіргі қолда бары 4 көлік пен 2 резіңке қайық қана. Оқиға орнына әзірге сол ескі көліктермен жағалай жетуге тура келеді.

Бұдан бөлек облыста сүңгуір мамандар да тапшы дейді Е.Қибашев, оның  үстіне жақында қысқарту жүрген:

-Қалада суда құтқарушылар саны 20 болса, облыс бойынша 40. Біздің облысқа бұл аз. Мекемедегі мамандарды  тәрбиелеуге тырысамыз. Мәселен, Қазақстан мен Ресейдің келісуі бойынша былтыр Байкал суасты оқу орталығына барып мамандарымыз қосымша оқудан өтіп келді.

Айнұр САПАРОВА

15 ақпан 2012, 19:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.