Атырау, 27 шілде 05:24
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Бөгде адамға есік ашпаңыз

2 818 просмотра

Полиция Атырауда жалғызбасты зейнеткерлердің пәтерлеріне алдап кіріп, ақшаларын ұрлайтын алаяқтардың пайда болғанын ескертеді.

Олар белгілі бір сызбамен жұмыс істейді екен. Зейнеткерлерді аралап, өздерін қаладағы жеке медициналық емханалардың бірінің қызметкеріміз деп таныстырады. Денсаулықтары туралы әңгімеден: жақында 5 мыңдық жаңа купюралар шықты, кешікпей барлық ақшалар ауысатын болады деп, ақша айырбастау тақырыбына көшеді. «Қандай купюралар бар екенін көрсетсеңіз, өзіміз келесі келгенде ауыстырып береміз» дейді. Таң қаларлығы,  аңғал қариялар тыққан ақшаларын шығаруға кеткен кезде, алаяқтар олардың сақталатын құпия орындарын біліп алады. Содан кейін несеп анализін тапсыру керектігін айтып, қожайын әйел сол үшін асүйде лайықты ыдыс іздеп жүргенде ақшаны қолды қылады екен.

- Қазіргі кезде бізде зейнеткерлерден екі арыз түсті. Сипаттауларына қарағанда, екі жағдайда да белгілі бір алаяқтар әрекет еткен: шамамен 35-40 жастағы, жақсы киінген екі әйел көрінеді, - дейді Атырау қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары Абай ЗАКАРИЕВ. – Екі жағдайда да олар 100 мың теңгедей ақша ұрлап кеткен.

«Бізде екінші қабатта үш пәтер, бірінші қабатта тағы екеуі бар. Бір қызығы – алаяқтар бізге де, тағы бір алаңдағы көршімізге де кірмеді, - деп әңгімелейді Тельман көше-сіндегі екі қабатты үйде тұратын ақшасын ұрлатқан зейнеткердің бірінің көршісі. – Алдымен бірінші қабаттағы пәтердің есігін соққан, ол жерде бұрын жалғызбасты әжей тұрды. Ол қараша айында қайтыс болды, қазір ол үйде басқа адамдар тұрады. Есікті жас әйелдің ашқанын көрген олар кешірім сұрап, бізге, екінші қабатқа көтерілді. Содан кейін, қайда бара жатқанын білгендей, бірден тағы да жалғызбасты зейнеткердің есігіне барады».

- Осы фактілер бойынша тергеу жүргізілуде, ал жалғызбасты қариялардан қырағы болуды және үйлеріне бейтаныс жандарды кіргізбеуді сұраймыз, - дейді А. Закариев.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 ақпан 2012, 19:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.