Атырау, 22 желтоқсан 23:21
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Санитарлар және кәсіптік сырқаттар

2 150 просмотра

Біздің мұнайлы облысымызда өткен жылы кәсіптік сырқатқа қатысты бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Бұл таңданарлық факті облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің жақында өткен алқа мәжілісінде жария етілді.

Алайда облыстың бас санитарлық дәрігері Теміржан СУКАШЕВ бұған мен «Сенбеймін!» деп наразылық білдірді. Ол бойынша  6 пациенттің өздерінің кәсіби қызметімен байланысты сырқат екендігін Еңбек гигиенасы және кәсіптік сырқаттар ҒЗИ Батыс Қазақстан филиалына тексеруге жіберілгендігін жария етті.

 

Профтологтар қайда?

Өткен жылы 573 өндірістік нысан бақылауға алынды, олардың жартысы тексеріліп, микроклимат, шудың, дірілдің және шығарылған зиянды заттардың деңгейі бойынша нормативтерге сәйкес келмейтіндігі анықталды. Бұл нысандарда 53 575 қызметкер жұмыс жасайды, олардың ішінде 27 мыңнан астамы денсаулыққа зиян келтіретін және қауіп төндіретін жағдайларда еңбек етеді. Қызметкерлерді тексеруден өткізетін дәрігерлік комиссияда кәсіби патология бойынша – профтологтар жетіспейді», - деп атап өтті Т.Сукашев. Бірқатар кәсіпорындардағы, айталық АМӨЗ, «Ембімұнайгаз», ТШО, «ҚазТрансОйл» және басқа да мекемелерде берілген еңбекке жарамсыз бетшелерін талдау барысында гипертониямен, буындары мен сүйектері, тыныс алу органдары ауратын науқастар санының көбейіп кеткендігін көрсетті.

 

Балалар ботқаны қаламайды

Санитарлық дәрігерлердің есебі бойынша, тек 6 мектепте ғана ыстық тағам берілмейді екен, яғни, оларда  асхана жұмыс жасамайды. Ыстық тағам дегенде ыстық бір тарелке ботқа мен бір стакан жылы сүт туралы айтылады, оны біз Сукашев мырзадан арнайы түрде нақтылап та алдық. Алайда, көптеген ата-аналардың пікірін-ше, қай-қайсысымен сөйлессек те мұндай талаптарға сай мектеп асханалары тиісінше жұмыс жасамайтын көрінеді. Бәлкім, олар тексерулер алдында ғана ыстық тамақ пісіретін болар, бірақ, мектеп оқушылары пісірілген бәліштермен және тәтті шырындармен ғана шектеледі.

 

Резеңке балабақшалар

Ата-аналардың шағымына қарағанда балабақшалардың әрбір тобында тіпті, 45-50 баладан бар, жататын орын жетпегендіктен оларға жиналмалы төсекке жатуға тура келеді. Т.Сукашев бұған өз балаларын  қалай болғанда да балабақшаға тығуға тырысқан ата-аналардың өздерін кінәлайды. Дегенмен олардың орынында кім болғанда да солай істеуге мәжбүр емес пе?

Зульфия ИСКАЛИЕВА

15 ақпан 2012, 19:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.