Атырау, 24 қараша 00:53
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аяз - ойыншық емес

2 912 просмотра

Сақылдаған сары аяз кімге табыс әкелді?

Атырау үш апта суық аязды бастан өткерді: түнде термометр бағаны -30 градусқа дейін төмендеді. Ал дауылды желмен бірге соққан аязды күн өте суық болды. Қазір қала тұрғындары көшеге артық шықпай, кеңсе мен үйдің ішінде отырғанды жөн көреді. Бірақ тіршілік ету керек қой!

Такси

Сақылдаған сары аязда таксиге таласып-тармасып мінеді. Егер диспетчерлерге қоңырау шалсаң, көлікті кем дегенде жарты сағат күтуге тура келеді. Ал көше таксилері жақын жерден табыла кетеді. Олар суық басталғаннан бері белгіленген бағаларын 200 теңгеге көтерген.

Не қалайсыз сонда? – деді осындай таксишілердің біреуі шамданып. – Қазір сіз өз шаруаңызбен кете барасыз, ал мен апатқа ұшырауым, жарты жолда машина сынып қалуы мүмкін. Жалпы мен осындай күнде түкке тұрмайтын 500 теңге үшін сізді жеткіземін деп тәуекелге басымды тігемін. Қазір адамдар тек өз қара бастарын ойлайтын болған.

Таксилердің диспетчерлік қызметіне келер болсақ, ондағылар растағандай, олардың бағалары тек жыл басында ғана бір рет 100 теңгеге көтерілген. Айтпақшы, жолдың қиындығына байланысты тағы 100 теңге қосуға болады. Негізінен оны қардан жолдары соңынан тазартылған қаланың сыртқы аудандарының тұрғындары төлейді.

Біздің телефондарымыз бір секундқа да тыншымайды, – дейді «Дозор» таксиінің диспетчері. – Ең көп жұмыс уақыты – таңертең. Тұрғындар балаларын балабақша мен мектептерге апару үшін біздің қызметімізді пайдаланады. Содан кейін әр адам жұмысына кешігіп бармас үшін таксистен күтіп тұруын өтінеді. Кешкі сағат алтыдан кейін бізде жұмыс көп болады: үйлеріне жетіп қалғысы келетіндерге клубқа немесе мейрамханаға баратын компания қызметкерлері қосылады.  

 

Тұрмыстық техника дүкендері

-30 аязда батареялар жанып тұрғанымен, пәтерлердің іші ұлып тұрады.

Қазір біздегі ең өтімді тауар – жылытқыштар, – дейді «Сулпак» сауда үйінің супервайзері Виталий КОМИН. – Алдымен жылу вентиляторларын талап алды. Содан соң май радиаторларына дейін жылытатын заттардың бәрін сатып ала бастады. Ал соңғы кездері өте қымбат тұратын инфрақызыл жылытқыштар сатылым хитіне айналды. Аяз ойыншық емес қой...

 

Техникалық қызмет көрсету стансалары

«Бипек-авто» техникалық қызмет көрсету стансасының директоры Айдын ЕЛЕМЕСОВ:

Аккумуляторларға, майларға, әсіресе білтелерге сұраныс бір есе өсті. Сонымен қатар жібітетін құралдар, тұтату сымы, тростарды да көптеп сатып алуда. Эвакуатор қызметіне сұраныс әжептәуір артты. Біздің стансаның іші көліктерге лық толған. Егер әдеттегі күндермен  салыстыратын болсақ, шеберлердің қазір жұмыстары екі есеге көбейген. Егер бұрын сағат 18.00-ге дейін жұмыс уақыты болса, қазір қызметкерлер кешке дейін қалып жұмыс істейді, - дейді.

 

Тағам жеткізу

Аязды күні тағам жеткізу бизнесі де жанданған: өйткені кеңсе қызметкерлері жылы орынынан шығуға беттерінен басады.

Біздің фирмадағы клиенттер саны 20 пайызға өсті, - дейді тағамдар жеткізуші фирманың директоры Марина. – Бір қызығы, адамдардың бірінші тағамға көп тапсырыс беретіні байқалды. Аязда жалпы адамдар тамақты көбірек жей бастайды.

Әріптесін «IL Patio» мейрамханасының менеджері Малика БЕРКАЛИЕВА қолдады:

– Біз негізінен ірі компаниялармен жұмыс істейміз және кеңселерге түскі астар жеткіземіз. Қысқы уақытта, әсіресе, қазір бізде клиенттер көп болады.

Дәріханалар

Аяз тұрғындардың көпшілігінің денсаулықтарына әсер еткен, – деп бөліседі қала орталығындағы «Айболит» дәріханасының фармацевті. – Балалар мен ересектерге арналған ыстық түсіретін дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер тез өтіп жатыр.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Владимир ИСТОМИН

15 ақпан 2012, 18:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.