Құрманғазы АІІБ қызметкерлері Ресей шекарасында Қазақстанға ірі партиямен діни әдебиеттерді өткізбек болғандарды құрықтады, деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Діни тақырыптағы бірнеше ондаған кітаптарды, сондай-ақ, уағыз жазылған 50 дискіні екі қазақстандық Астраханнан алып өткісі келген. Қандай әдебиеттер екенін және олардың қандай мақсатта елімізге заңсыз әкелініп отырғанын қожайындары түсіндіре алмады. Кітаптар мен дискілер тәркіленді. Олардың мазмұндарын тексеру үшін арнайы сараптама тағайындалды. Қазақстанға әдебиеттерді алып өтпекші болған азаматтар қамауға алынды.
Тамара СУХОМЛИНОВА