Атырау, 19 желтоқсан 22:45
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Әблязовтің босауы Қазақстанға әсер ете ме?", "Ақтөбе: Салафиттер. Мұнай ұрлығы. «Ағайынды төртеу»", "Дос Көшiм, саясаттанушы: Желтоқсандықтарды жазалағандар әлi де қызметте жүр. Кешiрiм сұрау ойларына да кiрмейдi", "Кешіріңдер бізді, желтоқсаншылар!"

2 072 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Әблязовтің босауы Қазақстанға әсер ете ме?" - Оппозициялық тұлға Мұхтар Әблязов желтоқсанның 9-ы француз түрмесінен шықты. Франция оны экстрадициялау үкімінің күшін жойды. AzattyqLIVE тақырыпты саясаттанушы Айдос Сарыммен талқыланды.

"Боқаев пен Аянды марапаттау машақаты" - Белсенді Жанболат Мамай «заңсыз митинг ұйымдастырды» деп сотталған Макс Боқаев пен Талғат Аянға қоғам атынан «Халық батыры» атағын беретіндерін хабарлаған. Енді ол шара өткізетін орындарға қысым жасалып, зал табудың қиындап тұрғанын айтады.

""Телефондағы уағыз" үшін сотталған қазақстандық" - Өзбекстанда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының 26 жастағы тұрғыны Акмаль Расулов «елге діни әдебиетті кіргізуге әрекеттенді» деген айыппен бес жылға сотталды. Оның туыстары үкімге наразы әрі «кінәсі дәлелденген жоқ» дейді.

ZHASALASH.KZ. "Ақтөбе: Салафиттер. Мұнай ұрлығы. «Ағайынды төртеу»" - Өткен сәрсенбiден берi Ақ­төбеде тағы дүрбелең: бұл жолғы оқиға мұнай мафиясына қатысты. 7 желтоқсанда қаланың Өндiрiстiк аумағында орналасқан “Ақтөбе мұнай өңдеу" ЖШС-нiң ауласына ҰҚК, IIМ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросының 40 қызметкерi басып кiрдi. 41 жастағы Нұрлан Қазкенов пен 47 жастағы Бауыржан Батыров осы жерге заңсыз мұнай әкелiп тұрғандарында ұсталды. Ауыр көлiктерi цистерналарымен қоса тәркiлендi. Нұр­лан Қазкенов – Темiр ауданының тұрғыны, жұмыссыз, Ақтөбеде тұратын Батыров такси жүргi­зушiсi. Оларға Қылмыстық Ко­декстiң екi бабы – мұнайды заңсыз тасымалдау мен мұнай ұрлығына қатысты айыптаулар тағылып, №2 Ақтөбе қалалық соты қамауға санкция бердi. Олардың қорғаушылары еке­уiнiң 4-5-тен балалары бар екендiгiн алға тартып, үйқамаққа шығаруды сұрағанымен, сот рұқсат бермедi.

"Дос Көшiм, саясаттанушы: Желтоқсандықтарды жазалағандар әлi де қызметте жүр. Кешiрiм сұрау ойларына да кiрмейдi" - Желтоқсан кезiнде мен Абай атындағы педагогикалық институтта сабақ берiп жүрген едiм. Желтоқсан оқиғасына жұбайым екеумiз де қатыстық. Бiрақ Құдайға шүкiр, қолға түспей, таяқтан аман қалдық. Әйтпесе 18 желтоқсанда күнi бойы, басынан аяғына дейiн алаңда жүрдiк.

"Түркиядағы кезектi жарылыс Ердоғанның Қазақстанға сапарын шегердi" - Түркия президентi Режеп Тайып Ердоған Стамбул қаласындағы жарылыстардан соң 11-12 желтоқсанға жоспарлан­ған Қазақстанға ресми сапарын кейiнге қалдырды. Түркия­да 11 желтоқсан қаралы күн ретiнде жарияланды.

365INFO.KZ. "Салық органдары қазақстандықтардың қалтасын қарап отыра ма?" - Еліміздің Қаржы министрлігі 2017 жылғы 1-қаңтардан бастап банктердің өз клиенттері бойынша есеп-қисап жасауының жаңа нысанын бекітті.

"Тәуелсіздік сыйақысы: Астана мен Алматыдан басқа өңірдің халқы «тоқалдан» туған ба?" - Алматыда әлеуметтік сала қызметкерлеріне тағайындалған сыйақы 15-желтоқсанға дейін беріледі.

KORRESPONDENT.KZ. "Айтыстың «қайтыс» болғаны рас па?" - Өткен аптада Оңтүстік жұрты қара өлеңге қарық болды. Қос «шаршы алаңда» қырық шақты ақын шама-шарқынша көсіліп бақты. Сүбелі сөз сапталды, киелі қара домбыраның күмбірімен көптің көкейіндегі шемен-шер тарқады. Бір сөзбен айтқанда, Алматы мен Шымкентте аламан айтыс өтті. Бір ақынның екі айтысқа қатыспағаны, бірінде «Алтын домбыраның» жоқтығы болмаса, екеуіне де қыруар қаржы бөлінді, екеуінде де әділдік сұраған халықтың айғайы анық естілді.

"Көргеніміз құлдың күнінен артық емес..." - Қайсыбір күні Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі кезекті рет кедейшіліктің шегін белгілеп берді. Өкініштісі, оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен екі еседен астамға төмен болып отыр. Жалпақ жұрттың қынжылысын туғызған бұл жағдайға әзірге атқамінерлер жайбарақат қарайтын сияқты. «Бес дұшпаның – білсеңіз» деп Абай сақтандырған мақтаншақтық пен бекер мал шашпақтан арылуға ақжағалылар ынталы еместей. Бәз-баяғыша түкке тұрғысыз той-томалақтар мен даңғаза сән-салтанатқа уыстап емес, қаптап ақша жұмсап жүрміз.

ABAI.KZ. "Кешіріңдер бізді, желтоқсаншылар!" - Қазақ баласы 300 жыл бойы отарлау саясатының тегеурінді тепкісін көрді. Сол 300 жыл ішінде саңлақтарымыз азаттық үшін империяға қарсы шығып, 300-ден астам (кейбір деректерде 400-ге жуық) ірілі-ұсақты көтеріліс жасады. Әрине, Хан Кененің қарулы қарсылығымен басталған күрестің нүктесі Алматыдағы Желтоқсан көтерілісінен соң қойылып, бабалар армандаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бірақ осыдан 30 жыл бұрын Алматының алаңына шыққан 20 мыңға жуық азаматымыздың ерлігі биыл да өз деңгейінде аталып өтпейтін түрі бар.

"Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат берген. Неге?" - "Нұр Отан" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовпен өткен қабылдауға 9 жасар қыз Мейіргүл Алматы қаласынан келіп, ата-анасының виза мерзімі өтіп кетуіне байланысты бес жылсыз келе алмайтын етіліп елден тысқары жерге шығарылғанын, өзінің Алматыда жалғыз қалғанын айтып, әке-шешесін қайта оралту туралы министрден көмек сұраған болатын.

QAMSHY.KZ. "Құрманғазы Рахметов. Бостандық һәм тоңы толық жібімеген желтоқсан" - 1994 жылдың көктемі. Қысқы азығыңды көктемнен жина деген нақылды ұстанған әйелім - Роза екеуміз «времянкамыздың» алдында жер қопарып, бақшамызбен айналысып жатқанбыз. Көптен үйімізге қонаққа келмей кеткен Қадыр мен Жамбыл ертең ескі алаңның алдында өткізілгелі жатқан митинг жайын айта келіпті. Ұйымдастырушылары кім дегеніме, барлық ұйымдар болады, біздің жігіттер былтыр құрылған жаңа комиссияның жұмыстарына көңілдері толмайтындарын айтып, біразы аштық жариялайтындарын мәлімдейтін көрінеді. Жерге қатысты мәселелер көтеріліп жатқанға да ұқсайды...

"Қазақ жерінің көрші елдерге берілмеуі үшін күрескен қайраткер" - Қазақ КСР Хрущевке қарсы. Қазақстанның жері Ресей, Түркменстан және Өзбекстанға қалай өтті.

TURKYSTAN.KZ. "Мұнай нарығында серпіліс бар" - Мұнай өндірісін қысқарту туралы келісімшарттың сәтті аяқталуы нарықта ірі өзгерістерге жол ашып, бағаны 2015 жылдың ортасынан бергі максимумға көтерді.

ҚАЗТАГ. "Асқар Смағұлов: Банктердің экономиканы несиелендіруін жандандыру үшін базалық мөлшерлеме 10% шамасында болуы керек" - Қазақстан экономикасын несиелендіру қарқыны бұрынғысынша нөлге жақын маңда тұр. Екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) нақты секторға несиелерді қарқынмен бөлу үшін тежеуіш факторлардың бірі ретінде Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің жоғары болып отырғаны. Нәтижесінде реттеуші банк институттарын экономиканы несиелендіру ынтасын жойып, өздерінің ноттарына инвестициялауды қызықты ете түседі.


13 желтоқсан 2016, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.