Атырау, 26 сәуір 18:56
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қалтадан қолыңды тарт!

2 803 просмотра

Облыстық ІІД бастығы Рахмаджан ДОСАНОВТЫҢ бұйрығымен қалта ұрлығын ашу бойынша жедел топ құрылды.

Топқа криминалды полиция басқармасының жас қызметкерлері алынды, олардың жүзін әзірге криминалды әлем өкілдері білмейді. 23 қаңтарда №12 автобус маршрутында 3 сынып оқушысының сөмкесінің қалтасынан ұялы телефонды суырып кеткен 17 жастағы қалта ұрысы қолға түсті. Келесі күні «Тамаша» сауда орталығында дүкен сөрелерін қарап жүрген бойжеткеннің сөмкесінен ұялы телефонды қолды қылған 24 жастағы ұры ұсталды. ҚР ҚК 175-бабы бойынша (ұрлық) қылмыстық іс көтерілді. Бұған дейінгі тәулік ішінде «Дина» базарында жедел топ әлдебір әйелдің қолынан сөмкесін жұлып кетіп, екі бірдей ұялы телефонды олжалаған ұрыны құрықтады. ҚР ҚК 178- бабы (тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

***

24 қаңтарда 4.35 сағат шамасында қала көшелеріндегі жағдайды бейнекамера бойынша бақылайтын ІІД жедел басқару орталығының операторы Азаттық-Атамбаев көшелерінің қиылысында күдікті деген «Газель» жүк көлігін байқаған.

Бұл көлікке қатысты бағдар жедел түрде «Тосқауыл» кезекші тобына берілді, олар бірден көлікті қолға түсірді. Көліктің жүк салғышында тоннадан жоғары метал сынықтары болған. Қалалық ІІБ-де көліктің жолаушысы өзі жұмыс жасайтын фирманың базасынан метал сынықтарын ұрлағанын мойындады және ол бұл іске өзінің досын көлігімен бірге ала шыққан. ҚР ҚК 175-бабы (тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

26 қаңтар 2012, 18:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.