Атырау, 5 желтоқсан 10:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Салафиттер мен қазақ исламы: Бізге араб болудың қажеті жоқ, қазақ болып қалайықшы – Айдос Сарым", "Мектептегі орамал мәміле мәселесін туындатты", "Ипотека арқылы үй алудың машақаты аз емес", "Желтоқсан. Компартияның саяси шешімін тексеруді талап етеді"

2 106 рет қаралды

ZHASALASH.KZ. "Бiлiм беру жинақтау жүйесi – баянды болашаққа салынған инвестиция" - Бәсекелестiк заманында бiр ел басқа елден бiлiмiнiң, бiлiмдiлiгiнiң арқасында ғана озады. Мемлекеттiң мәселесi тұтастай солай болғандықтан да бiлiмдi ұрпақ тәрбиелеу әрбiр жеке адам үшiн де маңызды. Яғни, болашағын ойлаған азамат ұрпағының бiлiмдi болуына ертеден қамдануы қажет. Сонымен бiрге, ақпарат ғасырында кез келген тұлға терең бiлiм мен үздiксiз iзденiстер үдесiнен шығуы керек. Бұл тұрғыда Қазақстан қоғамындағы бiлiмге құштарлық пен қажеттiлiктi қанағаттандыратын ең маңызды тетiк – мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi екенi даусыз.

"Сенесiз бе, мен өз елiме жете алмай жүрмiн!" - Жаратушының жарылқауы, әлде әдебиетте өзiм бейнесiн сомдаған ұлы аруақтардың желеп-жебеуi шығар, мен биыл сек­сеннiң сеңгiрiне көтерiлдiм. Шүкiр, қол-аяғым сау, он екi мүшем түгел, сергек жеттiм сексенге. Жазушылар одағы күнi бұрын жоспарлап, менiң мерейтойымды Алматыда және менiң туған өлкем Шығыс Қазақстан облысында өткiзудi ұйғарғанда, мен бұған қуана-қуана келiстiм. Қисыны да солай болатын. Өйткенi, Алматы – менiң кейiнгi 60 жыл өмiрiм өткен, бала-шағам дүниеге келген, барлық шығармаларыма шабыт берген құт-мекенiм. Ал Шығыс Қазақстан – менiң шығармашылық өрiсiм, қолбасы Қабанбай, есiл ер Демежан, ұлы би Ақтайлақ сияқты тарихи кейiпкерле­рiмнiң өркен жайған өлкесi. Сонау бiр жылдары шекара асып, көш бастап, ата жұрт­қа оралғанда, алғаш табаным тиген топырақ.

AZATTYQ.ORG. "Мектептегі орамал мәміле мәселесін туындатты" - Қазақстан билігі мектепте діни бағыттағы киімге тыйым салуға тырысып жатыр. Түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір ата-аналар бұл талаппен келіспейді. Сарапшылар "мәселені қоғаммен кеңесіп барып шешу керек" дейді.

"AzattyqLIVE: Парламент қаншалықты белсенді?" - Парламент қабылдап жатқан заңдар сапасы қандай? Парламентаризм институты өз міндетін атқарып отыр ма? Жемқорлықпен күресте депутаттар неге алға шықпайды? AzattyqLIVE тақырыпты бұрынғы депутат Серік Әбдірахмановпен талқылады.

365INFO.KZ. "Салафиттер мен қазақ исламы: Бізге араб болудың қажеті жоқ, қазақ болып қалайықшы – Айдос Сарым" - Белгілі саясаттанушы қазақ мұсылманы араб мұсылманынан мүлдем бөлек деген сенімде.

KORRESPONDENT.KZ. "Ипотека арқылы үй алудың машақаты аз емес" - Жуырда ғана LSM.kz сайты жүргізген зерттеу нәтижесіне көз салсақ, әр банктың ипотека беру шарттары әртүрлі. Мысалы, «Сбербанк Қазақстан» басқарма директоры Мақсат Нұриденұлының айтуынша, бұл банктен Алматы және Астана қалаларынан ипотекаға пәтер алған жағдайда ай сайынғы төлем 201-232 мың теңге аралығында болады. «Мысалы, ескілеу үйден пәтер алған күнде де аталған төлем орта есеппен алғанда 143 мыңнан 158 мың теңгеге дейін болуы мүмкін. Жалпы, 1 бөлмелі пәтердің ай сайынғы төлемақысы 110 мың теңгеден басталады» дейді маман. Баласы бар отбасы айына – 250 мың, баласы жоқ отбасы 200 мың теңгеден артық табыс таппаса, ипотеканы армандамай-ақ қойсын.

"Қай облыс несімен мақтанады?" - Қазақстанның әр өңірінің өз ерекшелігі бар. Соған орай өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы да әрқилы дамыған. Қазақстанда өнеркәсіптің дамуына жер асты байлықтары кең мүмкіндіктер берді. Елімізде қазба байлықтарының зерттелген қоры мол. Олар: көмір мен мұнай, мыс пен қорғасын, темір мен хром, никель мен вольфрам, алюминий мен мырыш, алтын мен күміс, ванадий мен вольфрам және уран кен қорлары. Қазақстан — дүние жүзілік өнеркәсіп бөлінісінде өзіндік орны мен зор мүмкіндіктері бар мемлекет.

ABAI.KZ. "Желтоқсан. Компартияның саяси шешімін тексеруді талап етеді" - 25 қазан күні Астана қаласында КСРО-ның билігін үркітіп, зәре-құтын қашырған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандағы Желтоқсан (1986) көтерілісінің тарихи және халықаралық маңызы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Иә, ғылыми конференция! Конференция дегеннен-ақ, әдеттегі көп конференцияның бірі болған шығар деп қалмаңыз. Жоқ, бұл конференцияның жөн-жосығы мүлде бөлек, мүлде ерен болды. Бұл конференцияның өту барысынан-ақ, қазақылықтың нышанын аңғарасыз. Конфренция «Бедел сөз», «Кемел сөз», «Нұсқа сөз», «Түйін сөз» форматында өтті.

"Әзімбай Ғали. Путин «насыбай» ма?" - Мен бұл саммит туралы бірнеше рет оқыдым. Обаманың төмендегі айтқанын Ютубтен көрдім, текстін оқыдым, сенбедім, тағы да қарадым, ағылышыншасын оқыдым, өзіме сенбей гуглмен тағы аудардым, тағы да сенбедім, Путинге жаным ашыды, аядым.

QAMSHY.KZ. "Қабанбай батыр қайда жерленген? Жұмаділов не дейді, жұрт не дейді?" - Осы мақаланы жазуыма «Айқын» газетіндегі «Қабанбайтану кенжелеп барады» деген мақала себеп болды. Айдана Нұрмұханның қаламынан туған дүниені оқып шыққан соң журналистердің ғылыми негізделген пікір алысқа араласпағаны, тараптардың ешқайсысын қолдамағаны, көргенін, естігенін сол қалпында оқырманға жеткізгені жөн екен деген ойға келдім. Айдана қатысқан ғылыми-танымдылық конференцияға біз де барған едік.

TURKYSTAN.KZ. "«Анаға апарар жол» – қазақ киносының зор табысы" - Бұл фильмді ұзақ күттік. Түсірілім басталғаннан бастап Ақан Сатаев бастаған жұмыс тобының қимылын қалт жібермей бақылаған көптің арасында біз де бармыз. Актерлердің «Инстаграмға» жүктеген там-тұм суреттеріне қарап-ақ, киноның ауқымы тар болмайтынын түсіндік. Бір қарасаң, түсірілім тобы Шамалғанда жүреді, біраз уақыттан соң қызу жұмыс Әзірбайжанда жалғасса, енді бірде Минск маңында ақ тер, көк тер. Түсірілім 2016 жылдың шілдесінде аяқталды. Биылғы жылдың 1 наурызында Елбасының қатысуымен жабық көрсетілім болды. Президент түсірілім тобына алғыс айтты. Жолы болып, сол залдан табылған әріптестеріміз де, киногерлер де фильмнің мақтауын асырды. Қызығушылық арта түсті. Ақыры араға 7 ай салып, «Анаға апарар жолдың» көрермені болдық.

ULT.KZ. "Танымал болудан тартынба, депутат" - Парламент депутаты болу – халықтың мұң-зарын ескеріп, мүддесін көздейтін қолдаушысы болу екені әлмисақтан белгілі. Халық сайлаған соң қабылданатын заңдардың адамдардың мүддесіне сай болуын депутат алдымен ескергені жөн. Бұл –барлық демократиялық құрылыстардың міндеті.

"Қ.Жүкешев мырзаның «қазақ тілінде мәдениет жасалды ма» атты мақаласына уәж" - Қ.Жүкешевтің "Ұлт" порталында жарияланған мақаласы едәуір жұртқа таңданыс туғызып жатыр. Мақала шынында да күрделі мәселелерге арналып, ой туғызатындай деңгейде жазылған. Өнер туралы, әсіресе, "қазақ театрларының ауыл көркемөнерпаздарының деңгейінде қалып қойған" деген диагнозы шындыққа сәйкес келеді. (Оның сценарийлерге, режиссураға байланысты өзіндік себептері де бар шығар). Дегенмен автор бұл мақаласының көп жерінде айтқыштыққа, қызыл сөзге сүйенген.



26 қазан 2016, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.