Атырау, 23 қараша 22:28
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қашып кеткен сарбаздар Ақтау қаласының дәмханаларының бірінен табылды

2 525 просмотра

АСТАНА. 20 қаңтар. Өз еріктерімен кетіп қалған №25744 әскери бөлімінің мерзімдік қызметіндегі сарбаздар ұсталды. Олар Ақтау қаласындағы жергілікті дәмханалардың бірінен табылды. 

Бұл туралы бүгін «Экспресс К» басылымы жазады.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қаңтарда қаруланған сарбаздар қала іргесіндегі өндірістік аймақтағы қарауыл нысанынан қашып, өздерімен бірге Калашников қаруын ала кеткен.
Маңғыстау облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, қашқындар сол күні кешке ұсталды.
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның барысында сарбаздардың қарауыл қосынын қалдырып, әскерден қашып кеткен себептері анықталады. 

20 қаңтар 2012, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.