Атырау, 18 желтоқсан 13:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Матаевтарға шығарылған үкім – тағы бір шырақты сөндіреміз бе?

4 963 просмотра

Алматы. 4 қазан. ҚазТАГ – Біздің бәріміз кешегі әкелі-балалы Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға шығарылған үкімнен шошып қалдық.

Біздің әріптестерімізді бірнеше қылмыспен айыптады және істің толыққанды қаралуына мүмкіндік бермеді.

Оқиға ортасына жеткенде, тергеу Ұлттық баспасөз клубы мен ҚазТАГ-тың қайта қалпына келтірілген бухгалтерлік кітаптарын қарауға алудан бас тартқанда, біздің істен хабары бар адамға, жағдайдың тек айыптау сипат алғаны және енді оны ірі фигуралардың араласуы ғана құтқара алатыны түсінікті болды.

Судья айыптау жағының куәларына қандай жауап беру керектігін айтып отырғанда, айыптаушылардың дәлелдері тергеушінің портфелінен шыққанда, ал білімі жоқ сарапшы тергеу тобының мүшесімен туыстығын мойындағанда, осы жерде шектен асқан оптимистің өзі процестің немен аяқталатынын сезінді. Айыптау үкімімен.

Бар болғаны тек үміт қана болды, соттау мерзімі онша көп емес, ал тәркілеу мұнша қаңырата қоймас деген үміт болды.

Бірақ 61 жастағы С. Матаев (Құдай берсе, ол 31 қазанда 62-ге толады)пен оның әкесінің жолын қуып журналистикаға келген ұлы да нақты қамау мерзімдеріне кесілді: әкесіне 6 жыл, ұлына – 5 жыл.

Біз БАҚ саласында ондаған жыл еңбек етудеміз. ҚазТАГ-та ол ашылған 2008 жылдан бері. Бізді таң қалдыру қиын және біздің көбіміз бұдан да қиын қыстауларды басынан кешірген: жағдай алқымнан алып, тынысымызды тарылтатын.

Бірақ біздің досымызға шығарылған айыптау үкімі өте күрделі. Мәселе медиаалаңды тазартуда ғана емес: ол туралы әр кез С. Матаев біздің әріптестерімізді қорғағанда ескертетін. Мәселе қоғамдық қозғалыстың үрдісінде.
Сейтқазы Бейсенғазыұлының қоғамдағы рөлі туралы ойланайық. Біз досымызды мемлекеттің соңғы мүмкіндігі деп көрсету ойынан алшақпыз. Алайда жағдайдың өзі осыны көресетіп отыр: С. Матаев тек адам ғана емес, әр түрлі әлем арасындағы көпір болды және болып қала береді деп үміттенеміз. Қазір біздің қоғам бөлініп бара жатқан түрлі бөліктер арасындағы. Татуласулары мүмкін емес қарсыластар да С.Матаевтың белсенді көмегімен кездесіп, ортақ тіл табысатын көпір, бейтарап аумақ болатын.

Қазақстанда зорлық көп және сол зорлықпен көп нәрсе шешіледі. С. Матаев әркез зорлыққа қарсы тұрды және тұра береді. Тіпті өзінің соңғы сөзінде де ол ешкімнен кек алуға тырысып жатпағанын анық айтты.

Біз кеше туған жоқпыз және тергеу мен сот процесі барысындағы осыншалықты бұзушылықтардың әлдебіреудің зор ерік-күшін мен жеке басының етене сылтауын білдіретінін түсінеміз. Тағы да қоғамға заң мен заң процедураларының маңыздылығын емес, күш пен байланыстың маңыздылығын көрсетті.
Және қазір біздің қоғамға әділдік қана емес, дұрыс мағына да жетіспейді. Қоғамнан оқшаулайтындай, Матаевтар қандай қоғамдық қауіп төндірді?
«Билік Матаевтардан қорықты» деу аңғалдық болар еді.

Керісінше, мемлекеттік органдар бастамашылдығын жоғалтуда, қоғаммен байланысын жоғалтуда және қазақстандықтардың табиғи сұранысын түсінбейді. Ал өз жұмысымен, өзінің қабілетімен С.Матаев қоғамға билікті түсінуге, ал билікті іс-қимылдарындағы жіберіп алған кемшін тұстарын түсінуге көмектесіп отырды.
Өз қолымен және кейде өз беделін бәске тігіп, С.Матаев татуласуы мүмкін еместерді татуластырды.

Және қазір қазақстандық сот төрелігіне өз билігін жүргізгендер қоғам мен мемлекет арасындағы тағы бір көпірді бұзып жатыр. Олар бүгінге дейін Сейтазы-аға иеленіп келген моральдық беделге ие болып, С.Матаевтың орнын басуға ниетті ме?

Енді қоғам екіге, Матаевтарды қолдайтындар мен Матаевтарға қарсы болғандарға бөлінгенде не болатынын ойлап көрелік. Біз адамдар мен мемлекет арасындағы барлық көпірді бұзуға мүмкіндік берген кезде. Егер осындай байланыстың басты құралы адам шошырлықтай қатаң сот үкімі болатын болса, біз қарсылықтарды қалай шешеміз? Елде жиналып қалған маңызды мәселелер ашық диалог арқылы, қоғамдық алаңда шешілмегенде, қайда шешіледі? Полицияға қарсы келіп жатқандар шайқасында емес, келіссөздер үстелінде бетпе-бет отырып, себептерді тыңдап, салмақты шешім қабылдай отырып шешіледі.

С. Матаев өзінің мықты мінезімен, өзінің қуатты дұшпандарымен және көптеген достарының арқасында айналысында жарқырап жүреді. Осы әлсіреген жарық аз да болса бізге қайда бара жатқанымызды көрсетеді.

Матаев жарығы, журналистика жарығы, біздің күнделікті жасап жүргеніміздің жарығы – бұл шырақтың жарығы. Ол кейде шатасатын, тербелетін, ол барлық кезде де нақты пропорцияны бере бермейтін, ол тіпті біздің өзімізді қорқытатын көлеңке түсіретін.

Алайда біз қоғамға алдағы жолды жарық қылуға тырысып жанып бара жатқан шырақтың алауымыз. Біз кейде сүрініп кетіп, алау сөніп бара жатады, бірақ басқалар отты біздің қолымыздан қағып алады. Біз қолымыз күйгеніне қарамастан сол шырақты қолымызда ұстап тұрамыз, және өзіміз қызарған көздерімізбен кішкентай қараңғылыққа қараймыз.

Бұл үкім тағы да бір жарық шырақты сөндірер ма екен? Біздейлер, жай ақша тапқысы келетіндер емес, қоғамға көмектескісі келетін журналистер, барған сайын азайып барады.

Бұл үкім журналист - Матаевтың шырағын сөндіріп, біз кішкентай қараңғылыққа тағы бір қадам жақындай түсер ма екенбіз?

Тіпті өз үкімімен С.Матаев қоғамның қайда кетіп бара жатқанын көрсетеді, ал ол бағыт бізді қорқытады.

Дереккөз: ҚазТАГ

10 қазан 2016, 20:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.