Атыраудың көптеген тұрғындары жаңа картина - «Анаға апарар жол» отандық фильмінің көрсетілімінің уақыт кестесімен келіспейді. Режиссер Ақан САТАЕВТЫҢ ауқымды фильмінің премьерасы мұнайлы астанада бір аптадан аса уақыт бұрын өткенімен, сеанстар қала тұрғындары үшін қолайсыз уақыттарға қойылған (12.50, 23.45).
Ал бейсенбі күні күндізгі сеансты қаладағы жалғыз кинотеатрының әкімшілігі мүлдем сызып тастапты. Осыдан соң «АЖ»-ға оқырмандар хабарласа бастады: «Біз өзіміздің отандық киномызды көргіміз келеді, ал оны түн ортасындағы уақытқа қояды. Ал, шетелдік блокбастерлерді тәулік бойына айналдыруға бар».
Біз кинотеатрдың басшылығымен байланысқа шықтық. Олар да бұдан хабардар болып шықты және дүйсенбіден бастап «Анаға апарар жол» фильмін көрермендер үшін әлдеқайда қолайлы уақытқа қоятынына уәде берді.
Марат ТАКУЛИН