Facebook әлеуметтік желісінің басшылығы 2012 жылдың 15 наурызынан сайт өз жұмысын мүлде тоқтататыны туралы ақпаратты теріске шығарып, жаңалықтың жалған екенін айтты.
Сонымен, Facebook-тің бас операциялық директоры Шэрил Сэндберг Facebook-тің жабылатыны туралы ақпартты көпшіліктің алдында жоққа шығарып, таяу уақытта олай болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Фокус.ua.
«Біз енді бастап жатырмыз», – деді ол.
Компанияның қаржы директоры, қазір Golden Sachs компаниясымен Facebook-ті қаржыландыру туралы келісіммен жұмыс істеп жатқан Дэвид Эберсмен де бұл сыбысты жоққа шығарды.
«Бұл сыбыстың барлығы жалған. 15 наурыздан кейін біз тіпті күшейе түсеміз», – деді Эберсмен.
Еске сала кетейік, Weeklyworldnews 2012 жылдың 15 наурызынан Facebook өз жұмысын мүлде тоқтататуы мүмкіндігін хабарлаған еді.
http://www.bnews.kz/kk/news/post/64733/