Атырау, 22 қараша 10:05
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

​Би - халықтың жаны

7 576 просмотра

Image 1Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде ҚР Халық әртісі Гүлжан ТАЛПАҚОВА атындағы І Республикалық халық билерінің конкурс-фестивалі болып өтті.

Оған еліміздің әр өңірінен келген 16 биші қатысты. Қорытынды концертте көрермендер қазақтың «Шалқыма» биі, өзбектің «Хорезм» биі, башқұрттың «Білезік» биінен соң, моңғол, малайзия, орыс ұлтының билерін тамашалады. Шебер орындалған би сол ұлттың болмысына, мәдениетіне, жанына бір сәт үңілдіргендей болады.

Концерт шағын би спектаклі секілді әсер қалдырған қырдағы қазақ баласының хикаясы жөніндегі «Ерке бала» биімен аяқталды. Бас жүлде де осы биді орындаушы астаналық Көркем ШОЛОШОВАҒА (суретте) табысталды. Жүлдені Гүлнәр Талпақованың өзі табыстады және оның өнеріне ақ жол тіледі.

Image 0

Ал, 1-орынмен астаналық Әйгерім КҮЛШИНА марапатталды. 2-орын Қызылордадан келген Александра БЕГЛОВАҒА, 3-орын Талдықорған қаласынан келген Әлия МЫҢЖАСАРОВАҒА берілді. Атыраулық Азиза ЕРМЕКОВА, маңғыстаулық Анар ҚЫДЫРБАЕВА және ақтөбелік Әлия СҰЛТАНБЕК дипломант атанды. Қалған қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН бұл конкурсты болашақта халықаралық деңгейде өткізу қарастырылатынын атап өтті.

Айнұр САПАРОВА

Суретті түсірген автор

31 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.