Атырау, 22 қараша 09:10
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Астраханда керемет өнер көрсетті

3 959 просмотра

Астраханда мүмкіндігі шектеулі талантты адамдар арасында өткен халықаралық фестиваль-байқауда Қазақстанның атынан қатысқан Атырау балалар үйі мен интернаттарының шәкірттері бірден 13 алтын медаль жеңіп алды.

Түрлі өнер түрлері бойынша байқауларға барлығы 3 мыңнан астам адам қатысты. Атырауда алғаш ашылған «Шектеусіз таланттар» мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған би мектебінің және татар-башқұрт этно-мәдени бірлестігінің «Татулық» ән-би ансамблінің жетекшісі Гүлсина БАЙКЕНОВА фестивальге шақырту алғанда бірден келісті. Өйткені, біздің көрерменге көрсететін өнеріміз жеткілікті!

- Біз Қазақстанның бай мәдениетін барынша көрсетуге тырыстық, - дейді Г. Байкенова.

Атыраулық суретші Бақыт САЛИЕВ пен қолөнер шебері Берекет АҚЖІГІТОВ (екеуі де бірінші топ мүгедегі) әділ қазылар мен көрермендер назарына өздерінің «Сарайшық», «Әлем балалар көзімен», «Көлде», «Бақыт құсы» туындыларын көрсетіп, бірінші орын алды. Атырау облысынан барған басқа қатысушылар да көрермендерді бей-жай қалдырмады: вокалшы Сулейман ФОМИН, С. Қазыбаев атындағы интернат шәкірттерінен құралған «Таңшолпан» би ансамблі, «Шектеусіз таланттар» мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған би мектебінің бишілері Асылай АҚБЕРГЕНОВА, Назгүл БАЙҒАРА, Жұмабай ЖҰМАҒАЛИЕВ, Данила ДАВЫДОВ және олардың «Татулық» ансамбліндегі жұптары керемет өнер көрсетті.

- Біздің шығармашылық құрама командамыз керемет нәтиже көрсетті: бір қола, бір күміс және 13 алтын медаль! – деп қуанышымен бөлісті Г. Байкенова. – Ал «Шектеусіз таланттар» мектебінің арбамен билейтін бишісі Данила Давыдовқа әділ қазылар арнайы сыйлық тарту етті.

Тамара СУХОМЛИНОВА

16 желтоқсан 2015, 20:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.