Атырау, 25 қараша 23:53
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ЖЭО-да жаңа газтурбиналық станция іске қосылды

2 718 просмотра


14 желтоқсанда Атырау ЖЭО-да қуаттылығы 100 мегаВатт болатын жаңа газтурбиналық станцияны (ГТС) ресми түрде іске қосу салтанаты өтті.

Жоба «Атырау ЖЭО» АҚ инвестициялық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады, оның жалпы құны 5 млрд теңге, жүзеге асыру мерзімі – 2013-2015 жж.

100 мегаваттық турбоагрегатты іске қосу нәтижесінде АЖЭО қуаттылығы 414 мегаватқа жетті. Біздің өңіріміз өзін электр қуатымен толықтай қамтамасыз етеді деуге болады. Әрі қарай қуаттылығы 60 мегаватт болатын станция салу қарастырылуда. Сол кезде біз тек өзімізді қамтып қана қоймай, артылғанын көршілерімізге сата аламыз, - деді Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ ашылу салтанатында.

«АЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВТЫҢ айтуынша, жаңа қуаттылықтарды енгізу өнеркәсіптің басқа салаларын дамытуға мүмкіндік береді:

Мәселен, біздің жанымызда Атырау мұнай өңдеу зауыты дамуда. Ол жақында жаңа қондырғыны енгізді. Сонымен қатар алдағы уақытта жаңа өндірісті енгізуді жоспарлап отыр. Қазір біз оларды электр энергиясымен толықтай қамтамасыз етуге әзірміз.

М. Қалиев бірінші және екінші кезеңдердің жаңа қуаттылықтары енгізілумен қатар 135 жұмыс орны ашылғанын хабарлады. Үшінші кезең – тағы бір 125 мегаВатт қуаттылықты енгізу – 2017-18 жылдарға жоспарланған. Қуаттылығы 60 мегаватт болатын бір газ турбинасын және қуаттылығы 65 мегаватт болатын бір бу турбинасын салу қарастырылуда. Артылған электр энергиясын көрші өңірлерге тасымалдауға қатысты Қалиев бүгінгі күні қолданыстағы Атырау, Орал және Ақтау арасындағы 220 кВт электр тарату желісі транзиттік қуаттылықтарды таратуды қамти алмайтынын, әзірге тек жедел байланыс жасау үшін қолданылатынын айтты.

Қуаттылықты кеңейту АЖЭО-ның өз қаржысы есебінен жүргізіледі:

Бізде электр энергиясына жеті жылға бекітілген жаңа тариф есебінен қуаттылықты кеңейтуге мүмкіндік бар. Бұдан басқа, акционерлердің ақшалары салынуда, - деді Қалиев.

Жаңа газ турбинасын іске қосу салтанатында кәсіпорын ардагері Рашид ЯНАЕВҚА сөз берілді. Ол 50 жылдан астам уақыт бұрын алғашқы турбинаны іске қосуға қатысқан екен:

- Мен 1963 жылы 12 мегаватт қуаттылығы бар алғашқы турбинаны іске қостым. Ал қазір осы жерде 12 турбина бар және станция қуаттылығы – 400 мегаВаттан астам.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

15 желтоқсан 2015, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.