"Атырау қ. тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету" ЖШС-нің (ТҮКҚК) Нұрсая ықшамауданындағы жылумен қамту тарифін көтеру туралы өтінімі (Нұрсаяда жылу төлемдерін көтергісі келеді, "Нұрсаяда тарифтерді көтеру бойынша жұртшылық тыңдауы 19 қарашада болады") бойынша жұртшылық тыңдауы өтпей қалды.
Біз бүгін 19 қарашада сағат 15.00-де "Нұрсая" ДСК-не келген кезде орталық кіре беріске ықшамауданның жиырма шақты тұрғыны жиналып қалыпты. Есіктер жабық болды. Ғимараттың бүйірінен басқа есікті таптық - ол жердегі вахтер ТҮКҚК әкімшілігі тұрғындармен кездесуді кейінге қалдырғанын айтты.
Мен ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлсейіт САБИРОВКЕ қоңырау шалдым. Оның айтуынша, "баспасөзге: "ТҮКҚК жақсылап дайындалу үшін қоғамдық тыңдауды кейінге қалдырды. Тыңдаудың жаңа уақыты туралы қосымша хабарланатын болады" деп хабарлауды ұмытып кетіпті".
Мен Сабировқа ТҮКҚК-ға қоңырау шалып, жиналған адамдарға басшысының шығып, бәрін түсіндіріп беруін өтіндім. Бірақ ақыры ешкім шықпады (ТҮКҚК кеңсесі ДСК-ден кейінгі екі үйден соң орналасқан).
Ал жиналғандардың айтуынша, тыңдау уақыты мен өткізілетін орны туралы олар үй подъездеріне ТҮКҚК қызметкерлері жапсырған хабарландырулардан біліпті.
Жиналғандардың бәрі бірауыздан келесі жолы тарифтердің көтерілуіне қарсы екендіктерін айту үшін міндетті түрде келетіндерін мәлімдеді.
Нұрсая тұрғыны Серік РАМАЗАНОВ:
- ТҮКҚК ұстанымы түсінікті. Олар қоғамдық тыңдауға осыншама халық келеді деп күтпей қалды. Тарифті үн-түнсіз көтере саламыз деп үміттенді. Біз бұған жол бермейміз. Тыңдаудың жаңа уақытын белгілеген кезде міндетті түрде келеміз.
20 қарашада «АЖ» Атырау облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департаментіне Нұрсая бойынша қоғамдық тыңдау өтетін орны мен уақыты туралы хабарлау өтінішімен сауал жолдады. Сонымен қатар, біз ТҮКҚК секілді қызмет көрсетушілердің өтінімдері бойынша қоғамдық тыңдаулардың қандай мерзімде өткізілетінін хабарлауды өтіндік.
Департамент басшысының міндетін атқарушы Әлсейіт Сабыров мынаны хабарлады:
«ТҮКҚК 18 қарашада жазылған хат бойынша жылумен қамту тарифін қайта қарау өтінімін кері қайтарып алды. Келесі өтінім хатының уақытын олар көрсеткен жоқ. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңының 17-бабының 4-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсiнiң (ТҮКҚК) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне тарифтердi бекiту кезiнде оларды бекiту туралы шешiм қабылдаудан кемiнде күнтізбелік бiр күн бұрын өткiзiледi».
Монополист алған үзіліс өте қысқа болуы мүмкін.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА