Атырау, 25 сәуір 21:02
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Нұрсаяда тарифтерді көтеру бойынша жұртшылық тыңдауы 19 қарашада болады

1 648 просмотра

Бұрын хабарлағанымыздай, Нұрсая ықшамауданында 63 көппәтерлі үйлерді жылумен қамтумен айналысатын «Атырау қаласының тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС (ТҮКҚК) жылумен қамту тарифін көтеруге өтінім берген болатын.

Тыңдаудың болатын күні мен орнын ТҮКҚК әкімшілігі үйлердің кіреберіс есігіне құлақтандыру ілу арқылы хабарлаймыз деп сөз берген еді Нұрсаяда жылу төлемдерін көтергісі келеді»).

Бүгінге дейін, 17 қарашада ешқандай хабарландыру болған жоқ. Біз табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті директорының м.а. Әлсейіт САБЫРОВҚА хабарластық. Ол ТҮКҚК-ке телефон соқты, ал олар хабарландыруды кешке дейін басып, іліп боламыз деп ант су ішті. Коммуналдық қызметті сақтандырып қояйық: жұршылық тыңдауы 19 қарашада сағат 15.00-де «Нұрсая» ДСК ғимаратында (олимпиадалық дайындық орталығы) өтеді.

Соңғы күндері ТҮКҚК бақылаушылары нұрсаялықтардың пәтерін аралап, тарифтерді өсіру бойынша тағы бір өтінімге қол жинап жүрді. Қол қоюдан бас тартқан тұрғындарға не нәрсе екенін түсіндірмеді. Ә. Сабыровтың айтуынша, ТҮКҚК жылу тарифтерімен қатар тұрғын үйлерді ұстау тарифтерін (қолданыс шығындары) көтеруді жоспарлап отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қараша 2015, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.