«АЖ» нөмірлерінің бірінде (3 қарашадағы №44 «Мұнайлы астана өзін-өзі мүсәпір қылып отыр ма?») жергілікті бюджеттен созылмалы сырқаттармен ауыратын науқастарға дәрі-дәрмектер үшін жеткілікті мөлшерде қаржы бөлінбей-тіндігі туралы жазылған еді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы медиктердің тапсырыстарын депутаттар жыл сайын қабылдамайтындықтан және жеткіліксіз қаржыландырғандықтан тегін дәрі-дәрмектер жетіспей жатыр, - деп бүкіл жауапкершілікті облыстық мәслихатқа аударып салған еді.
Осы мәселеге орай облыстық мәслихаттың хатшысы Жалғас ДҮЙСЕНҒАЛИЕВТАН мынадай жауап алдық: «Сіздің хатыңызда аталып өткен медицина саласын қаржыландыру мәселесі 2010 жылғы 3 желтоқсандағы Атырау облыстық мәслихатының «2011-2013 жылдардағы облыстық бюджет туралы» №372-IV шешімінде жазылған. Облыстық бюджетке өзгерістер мен анықтаулар енгізу туралы мәслихат шешімі, ҚР заңына сәйкес, «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне жарияланады».
Облыс әкімінің орынбасары Асқар КЕРІМОВ келесі жылы халықтың жеңілдік алатын топтары үшін дәрі-дәрмектер сатып алуды қаржыландыру респубилкалық бюджет қаржысы есебінен көбейетіндігін хабарлады.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА