Атырау, 22 қараша 09:28
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Шебер сұлулар

3 293 просмотра

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай түрлі ұлт аруларының қатысуымен «Достық аруы-2015» сайысы өтті.

Олар сахна төрінде қазақ ақындары мен жазушыларының шығармаларын оқыды, ән айтып, мың бұрала биледі, өз қолдарымен тігілген ұлттық киімдерін де көрсетті. Көрермендер ұлттық тағамдар туралы да көптеген мәліметке қанық болды.

Қазылар алқасы қорытынды шығаруға ақылдасуға кеткен уақытты пайдаланып, сайысқа қатысушы қыздармен тілдесіп үлгердім. Әсемгүл СТОММА (суретте) Қызылқоға ауданының Жасқайрат ауылында туып-өскен екен. Әкесі - белорус, ал анасы - қазақ.

- Біз бұрын қазақ орыс тілінде аралас сөйлейтінбіз. Дегенмен 2-3 жыл бұрын әкем таза қазақ тілінде сөйлегенімізді қалайтынымызды жеткізді. Ол өзі сөйлегенде мақалдап сөйлейді, қазақ тілінде еркін сөйлейді. Әкем мен үшін үлкен тұлға, сондықтан оның айтқанын екі етпейміз, - дейді Әсемгүл.

– Мен мұндай сайысқа бірінші рет қатысып отырмын. Аз ғана күннің ішінде дайындалып, қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Мен қыздарға дән ризамын. Осындай сайысты ұйымдастырып, өнерлерін ортаға салған қыздарға үлкен алғыс айтамын, - дейді тағы бір қатысушы Әсел ОЛЖАБАЕВА.

Сонымен қазылар алқасының шешімімен, жүлделі үшінші орын мен 30 000 теңгенің сертификатына Минура ЖҮНІСОВА ие болса, ІІ орын мен 50 000 теңгеге Наталья МИХАЙЛОВА қол жеткізді. Ал, І орын мен 70 000 теңгенің сертификаты Әсемгүл Стоммаға бұйырды. Барлық 12 қатысушы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының алғыс хаттарына ие болды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

12 қараша 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.