Атырауда қазақтың тұңғыш барды, біздің жерлесіміз Табылды ДОСЫМОВТЫ еске алу кеші өтті.
Құрманғазы мәдениет үйінің залында бос орын болмады.
Кеште Т. Досымовтың «Қазақ едім дегенше», «Мен қазақпын», «Биіктік», «Сәйгүлік», «Ұйықтап кетсем бір күні оянбай қалам», «Достар сонда», «Ақ дидарың-ай», «Кешіккенің қайткенің», «Ұнатамын мен сені», «Замани зар», «Қыз махаббаты», «Жалған дүние» «Қара гүл», «Күнікей қыз», «Ақан серіге», «Өмірзая», «Асан қайғыны аңсау» секілді әндері шырқалды.
Бард әндерін орындауға Смадияр МЫРЗАҒАЛИЕВ, Асхат ӘМІРҒАЛИЕВ бастаған жергілікті орындаушылармен бірге, Қарағандыдан белгілі бард әншісі Сейіл АЯҒАН мен Ақтаудан Есенбай ҚҰЛИЕВ, Оралдан Сәрсенғали БИСЕНҒАЛИЕВ келді. Сонымен қатар, кеште Т.Досымовтың әндерің оның бауыры Айдар ДОСЫМОВ пен ұлы Абыл АЯШ та орындады.
Т.Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың басшысы әрі Досымовтың жан жолдасы болған ақтөбелік кәсіпкер Бижан ҚАЛМАҒАМБЕТОВ Табылдының әндерін шетелде - Түркияда, Қытайда, Моңғолияда тұратын қазақтардың да сүйіп тыңдайтынын жеткізді.
Табылдыны еске алу кешінің жалғасы 18 қараша күні Алматыдағы Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында өткізілмек.
Мұнда Табылдының орындауындағы әндерді тыңдап, бейнежазбасын көре аласыз: https://www.youtube.com/watch?v=7onKrhhohAY, http://music.zakon.kz/214122002-tabyldy-dosymov-s-1241-yg-1199-l-k.html
Айнұр САПАРОВА