18 қыркүйек күні Ақтауда «Орталық-2015» оқу-жаттығу барысында қаза болған Атырау облысынан шақыртылған сарбаздар Асылжан МАХАМБЕТОВ пен Бағытжан ҚАЛЫБАЙДЫҢ денелері бүгін, 21 қыркүйек күні жер қойнына тапсырылды.
Жылыойлық Асылжан Махамбетовтің жерлеу рәсіміне қатысқан ҚР Қарулы күштері құрылық әскерилері бас қолбасшысының орынбасары Жұмабек ҚАСЕНОВ кенеттен орын алған оқиғаға қатысты тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатқандығын айтты.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттер Асылжан Махамбетовті жерлеу рәсімінен түсірілген