Атырау, 5 мамыр 14:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Ұрылар шатырда ұсталды

1 500 просмотра

Image 021 қыркүйекте таңғы сағат 5-те 102 пультіне белгісіз азаматтан Абай көшесі, №17 үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкенде төрт жігіттің ұрлық жасап жатқандығы туралы дабыл түсті.

– Қылмыс орнына сол бойда жол-патрульдік қызмет тобы жіберілді. Полицейлер дабылды растады. Қосымша күш ретінде тағы екі патруль экипажы сол жерге жетті, - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА. – Ал сол кезде полицейлер назарына іліккен ұрылар осы үйдің шатырына жасырынуға асыққан.

Шатырды тексеру кезінде екі күдікті ұсталды. Үшіншісі подъездердің бірінің люгі арқылы қашып кетуге әрекет еткен. Сол жерде полицейлер ұстап алды. Төртінші күдіктіні де сәл кейінірек шатырдан тапты. Төртеуі де – 20-22 жастағы жігіттер. Тексеру кезінде ұсталушылардан медициналық демперде мен резіңке қолғаптар табылған. Олардың бәрі кезекші бөлімге жеткізілді. ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

21 қыркүйек 2015, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.