Атырау, 5 мамыр 14:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Тәубесіне келді, алайда бес тәулік отырады

1 831 просмотра

Image 0Атырауда Оңтүстік Африка Республикасының азаматы бес тәулікке қамалды.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Оңтүстік Африка Республикасы азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.

«2015 жылғы 15 қыркүйекте «Атырау - Амстердам» бағытындағы халықаралық рейсті ресімдеу кезінде төлқұжат бақылау желісінде Оңтүстік Африка Республикасының азаматы В. ұсталды. Ол Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін бұзып, ішкі істер органдарында тіркелмеген.

Сот отырысында құқық бұзушы В. кінәсін толықтай мойындап, Қазақстан Республикасы аумағына 2015 жылғы 18 тамызда Атырау қаласындағы «Атырау» шекара бақылау бөлімі арқылы іскерлік сапармен кіргенін, Атырау қаласына келгенде көші-қон полициясы органдарына белгіленген уақытта уақытша тіркелмегенін айтты. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, шын көңілімен тәубесіне келгенін есепке алып, бірінші инстанция соты Оңтүстік Африка Республикасы азаматына бес тәулік әкімшілік қамақ түріндегі әкімшілік жаза тағайындады»,- дейді баспасөз бетшесінде.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

21 қыркүйек 2015, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.