Атырау, 29 қараша 01:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

"Дембельге" бір ай қалғанда қаза болды (+ФОТО, БЕЙНЕЖАЗБА)

3 397 просмотра

18 қыркүйек күні Ақтауда «Орталық-2015» оқу-жаттығу барысында мерзімді қызметтің төрт әскери қызметшісі суға батып кетті.

Қайғылы оқиға «теңіз десантын түсіру және плацдармға тосқауыл қою» эпизодын орындау кезінде болған. Қатты желдің салдарынан «БТР-80» суға батып кеткен. Салдарынан төрт жауынгер қаза болды. Оның екеуі Атырау облысынан. Жылыой ауданы туып өскен Асылжан МАХАМБЕТОВ және Мақат ауданының Бәйгетөбе округінде тұратын Бағытжан ҚАЛЫБАЙ.

Асылжан 1996 жылы Құлсары қаласында туған.

- Ұлым әскерге өткен жылдың қазанында кетті. Келуіне 1 ай қалған болатын. Асылжанымның болашаққа көзқарасы зор болатын. Ол жақсы жұмысқа кіруді армандайтын... Ұлымды бүгін түстен кейін әкеледі дейді, - деді хабарласқанымызда қамыққан әке Махамбет СИСЕНОВ.

19 жастағы Бағытжан да өткен жылдың қазанында әскерге кетіп, биыл қазанда келуі тиіс болатын. Ол әскерге дейін Доссордағы мұнай және газ технология колледжінен дәнекерлеуші мамандығын алып шыққан.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


19 қыркүйек 2015, 22:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.