Қала маңындағы Балауса елді мекенінің көшелеріне тас жол салынады деп сегіз жыл бойы (мұнда алғашқы үйлер 2007 жылы салынған) күткен тұрғындар ренжулі.
Редакциямызға №4 көшенің тұрғыны Мәншүк БИСЕНҒАЛИЕВА хабарласты. Оның айтуынша, жыл басында қалалық әкімдікте осы елді мекеннің бес көшесіне, ішінде олардың да көшесі бар, тас жол салынады деп мәлімдеген болатын. Ал бір-екі күн турасында тұрғындар қастарынан өтіп бара жатқан жол салатын техниканы тоқтатып, жөн сұрағанда, бір жүргізуші №4 көшеге шебін төседік, бірер күннен кейін асфальт жабуға келеміз деп хабар айтты.
- Бұл жерде бір шикілік бар!- бар деп таңданды Мәншүк. - Біздің көшемізге ешкім шебін төккен жоқ. Міне, қараңыз (суретте). Жоғары жақта отырған біреу өз көшесін асфальттап, біздің көшеге жол салдық деп есеп бергісі келіп отырған сияқты...
Тілшілеріңіз бұл жайттың анық-қанығын білді. Мәншүк көршілерін шақырды. Жұмабек ИСҚАЛИЕВ пен Әсемгүл ТЕҢЕЛБАЙ келді. Үшеуі де үйлерінің құжаттарында осы көше №4 деп жазылғанын растады (суретте)
Мен қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасарына телефон соқтым. Ол жоспар бойынша 2015 жылы Балауса ауылының №4, 22, 30, 32, 43 көшелері асфальттанып, келесі жылы №2, 11, 19, 20, 23, 26, 28, 34, 36, 38 көшелерге жол төселінуі тиіс екендігін хабарлады.
Ауыл ішінен біз жол салу жұмыстарымен айналысып жатқан «Атырау көлік» мердігер фирмасының шебері Тимур ЖАНҒАЛИЕВТІ таптық. Ол №4 көшеге шебін төселгенін, енді асфальттайын деп жатқанын растады. Мен осы таңғажайып сыңар көшені көрсетуді сұрадым... және Балауса ауылында осындай тағы бір көше бар екенін көрдім (суретте). Екі көшеге бірдей ат қойған биліктегілер не ойлады екен?
Мен Жанғалиевтан құрылыс құжаттарын көрсетуді сұрадым. Ол жұмыс жобасын көрсетті. Бұл сызбада сыңар көше көрсетілген, яғни, жолшылар мұнда жол салғанда ереже бұзбаған. Алайда басқа сызбалардың арасынан «Балауса ықшамауданының асфальтталатын көшелері» деген аты бар картаны көрдім, мұнда екі аттас көше де енгізіліпті (суретте). Жанғалиев білмеймін деген сыңай танытты. Мен «Атырау көлік» ЖШС директоры Қайрат ЮСУПОВТЫҢ телефон номерін теріп, жағдайға түсінік беруін сұрадым.
- Егер көшелерді асфальттауға ақша бөлінетін болса, жолдар заңға сәйкес салынады,- деді ол.
Мәншүк пен Жұмабек үйлеріне ренжулі қайтты:
- Біз бұған түсінік беру үшін қала әкіміне барамыз. Біздің көше сыңар көшеге қарағанда кең, маңыздырақ. Асфальтсыз қаламыз ба деп қорқамыз. Егер мұны қазір жасамаса, енді ешқашан жасамайды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор