Атырау, 29 қараша 01:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Айыппұлмен құтылды

2 025 просмотра

Image 0Биылғы жылдың көктемінде астыртын балық цехын ұйымдастырғаны үшін полицейлер ұстаған Әзірбайжан азаматы 40 мың теңге айыппұлмен құтылды.

Естеріңізге салсақ, 15 сәуірде су полициясының қызметкерлері қала маңындағы Томарлы поселкесіндегі жеке үйдің ауласынан балық ыстайтын астыртын цехты анықтады. Ол жерде балық жууға және тұздауға арналған оннан астам 250 литрлік бөшкелер мен ванналар табылды. Үйдегі бөлмелердің бірі балық кептіруге лайықталған. Сондай-ақ, дайын өнім – қақталған балық салынған бірнеше қорап пен 4 тонна жаңа ауланған қара балық табылып, тәркіленді.

Астыртын бизнесті ұйымдастырушы Әзірбайжанның 36 жастағы азаматы болып шықты. Оның айтуынша, балықты Жайық жағасында браконьерлерден сатып алып тұрған. ҚР ҚК-нің 196-бабы (« Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

- Тергеу жүріп жатқан кезде бұл азамат басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен жүрді. Сот 40 мың теңге айыппұл салуға үкім шығарды, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА.

Тамара СУХОМЛИНОВА

19 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.