Атырау, 29 қараша 01:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

«Онлайн» арақ: кассасыз және терминалсыз жүрмейді

2 779 просмотра

Image 0Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап дүкендеріне онлайн мәлімет беру қызметі бар бақылау-кассалық машиналар (БКМ) орнатуға міндеттелген алкоголь өнімдерін сатушылар бұған мүлдем дайын болмай шықты. Бұл жерде олардың кінәсі жоқ.

Нарықта қолжетімді бағада БКМ жоқ, саттықтағы машина құны – 93 мың теңгеден басталады. Күн сайын оның бағасы өсіп жатыр. «Қазақтелеком» АҚ қызметінің құны – қазыналық мәліметтерді салық органына қабылдау, өңдеу, сақтау және тарату бір аспапқа айына 1,5 мың теңгеге шығады. Қазір 44 158 салық төлеушіде мәліметтер тарату қызметі бар БКМ болуы тиіс, ал 1 қыркүйектегі факті бойынша бұл талапты бар болғаны 3 678 сатушы орындай алған. Бұдан басқа, алкоголь өнімдерін сатушылар – көтерме сатушылар да, бөлшек сауда жасайтындар да лицензиялық алымды төлеуі тиіс. Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап акцизделетіндер қатарына тағы бірқатар кәсіпорындар ілігеді.

– Бүгінгі күні қаңтардан бастап немесе 2016 жылдың шілдесінен бастап күшіне енетін немесе енгізіліп, бірақ әлі жүзеге аспаған. мемлекет қабылдаған нормалар бар. Нормалар қабылданып, бірақ орындалмаса, бұл біздің бас ауруымызға айналады. Мәселен, осынау БКМ-ларды енгізу. Бұл үшін кім жауап береді? Техникалық қамтуға еш қатысы жоқ бизнес пе, әлде оны енгізуге тырысқан мемлекеттік орган ба? – деді «Атамекен» ҰКП басқармасының мүшесі Гүлнар ҚҰРБАНБАЕВА кәсіпкерлерді толғантқан мәселелерді селекторлық кеңесте. – Физикалық тұрғыда жүзеге асыру мүмкін емес нормаларды қабылдаудың қажеті қанша? Бұл POS-терминалдарға да қатысты. Біз кеңес өткізіп, терминалдар болмаса, осынау міндетті нормаларды енгізуге әлі техникалық тұрғыда дайын еместігімізге көз жеткіздік. Ең алдымен, шағын бизнесті айтып отырмын. Оған қоса жыл сайынғы лицензиялық алымға байланысты проблема бар. Біз салық базасын көбейткіміз келді, қалағанымызды ала алмадық. Керісінше, жеті мың лицензия берілді. Бұл бюджет тоқсан сайынғы 3-4 миллиард теңге салықты жоғалтты деген сөз.

Талаптарды орындамағаны үшін кінәлілерге айыппұл салынады. Кәсіпкерлерідң пікірінше, өкілетті органдар салықпен ала алмағандықтан айыппұлдармен алмақшы.

Осыған байланысты ҰКП алкоголь мен бензин сатушылар үшін онлайн-тарату қызметі бар БКМ қолдану нормаларын 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізу мерзімін 2017 жылдың 1 қаңтарына, қалған салық төлеушілер үшін 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдану мерзімін 2017 жылдың қаңтарына шегеруді ұсынды. Бұдан басқа арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер, шағын бизнес субъектілері мен шаруа қожалықтары үшін POS-терминалдар орнату бойынша міндеттемелерді жою, алкоголь өнімдерін бөлшек сатушылар үшін жыл сайынғы лицензиялық алымдар төлеуді жою; электронды шот-фактуралардың міндетті көшірмесін тек бағдарламалық қамту толық әзір болғаннан кейін ғана және пилотты жоба аяқталғаннан кейін енгізу ұсынылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 қыркүйек 2015, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.