Атырау, 5 мамыр 15:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

ТИҚП Назарзодамен байланысын жоққа шығарды

2 264 просмотра

Image 0

"Тәжікстан ислам қайта өрлеу партиясының" (ТИҚП) жетекшісі, қуғында жүрген Мухиддин Кабири Тәжікстан бас прокуратурасының өзін бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзодамен байланысы бар деген айыбын жоққа шығарды.

Арнайы операцияда қаза тапты делінген Назарзоданы тәжік билігі Душанбеде қыркүйектің басында болған шабуылдарды ұйымдастырды деп айыптайды.

"Мен айыпты түбегейлі жоққа шығарамын. Партиям мен өзімнің бұл оқиғаларға қатысы жоқ" деді Кабири бүгін Азаттықтың Тәжік редакциясына.

Бүгін Тәжікстан бас прокуратурасы Назарзоданы ТИҚП-тың, оның ішінде Кабиридің тапсырмасымен әрекет етті деп айыптаған. Прокуратура ТИҚП "20 қылмыстық топтан тұратын желі" құрмақ болған дейді.

Өткен айда Тәжікстан әділет министрлігі елдегі жалғыз діни-саяси партияны "мүшелері саны жеткіліксіз" деп, қызметін тоқтатуға шешім шығарған.

Қыркүйектің 4-і күні Душанбедегі полиция бөлімі мен қала маңындағы қару-жарақ қоймасына шабуыл жасалған. Душанбе 26 адам, оның ішінде 9 полицей мен 16 бүлікші мерт болған шабуылдарды Назарзода тобынан көреді. Шабуылдан соң Назарзода тобы Душанбеден 130 километр жердегі Ромит шатқалына барып бекініп, арнайы операция нәтижесінде 16 қыркүйекте Назарзоданың көзі жойылғаны хабарланған. Құқық қорғау органдары 4 қыркүйекте арнайы операция бастағаннан бері топтың 100-ден аса мүшесі ұсталып, 20-дан астамының көзі жойылғанын хабарлаған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

18 қыркүйек 2015, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.