Атырау, 7 қазан 17:33
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Дания Еуроодақтағы мигранттар проблемасын шешуге 100 млн еуро бөледі

2 309 просмотра

Image 0Дания Еуроодақтағы көші-қон дағдарысын реттеу бойынша жалпы еуропалық күш салу аясында биыл және келесі жылы 100 млн еуро бөледі. Бұл туралы елдің премьер-министрі Ларс Лекке Расмуссен мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Ол қаржының бір бөлігі ЕО Сыртқы шекаралар қауіпсіздігі агенттігінің (Frontex) қызметін қолдауға жұмсалатынын ескертіп өтті. Таяу уақытта оның өкілеттілігі едәуір кеңейтілуі мүмкін. Атап айтқанда, Франция мен Германия бұл ұйымға ЕО-да саяси баспана алуға құқы жоқ экономикалық мигранттарды еліне қайтару құқығын беруді, сондай-ақ агенттік қызметкерлеріне қарумен қамтуды қолдап отыр.

Интеграция және иммиграция жөніндегі министр Ингер Стейберг Дания көші-қон дағдарысын еңсеру мәселесінде ЕО елдері ортақ шешімге келген жағдайда қосымша мың босқынды қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол Копенгаген босқындарды ЕО елдері арасында міндетті тарату механизімін қарастыруға түбегейлі қарсы екенін жеткізді.

Дереккөз:bnews.kz


17 қыркүйек 2015, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.