Атырау, 7 қазан 17:32
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Чилиде магнитудасы 8,4-ке тең жойқын жер сілкінісі болды

2 367 просмотра

Image 0Чили жағалауында магнитудасы 8,4-ке тең жойқын жер сілкінісі кеше, сәрсенбі күні UTC уақыты бойынша сағат 22.54-те (Астана уақытымен бейсенбі сағат 4.54-те) болды, - деп хабарлайды emsc-csem.org.

Зілзаланың ошағы елдің астанасы Сантьягодан солтүстікке қарай 228 шақырым қашықтықта, Вальпараисо қаласының солтүстігіне қарай 163 шақырымда, Ильяпель қаласынан солтүстік-батысқа қарай 43 шақырым жерде болды. Жер сілкінісінен кейін үш афтершок тіркелді, олардың магнитудасы - 6,3, 6,1 және 7,0.

Елде дабылдың ең жоғары деңгейі жарияланды. Сонымен қатар, бүкіл Чили жағалауында цунами қаупі туралы хабарланды. Алғашқы толқындар Кокимбо қаласына соқты, көшелерді мұхит суы басып қалған. Толқынның биіктігі - 4,5 метр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жойқын жер сілкінісінің салдарынан ең кемі екі адам қаза тапты, тағы 15-і зардап шеккен. Ильяпель қаласында бір әйел бұл апаттың құрбаны болды, ол мейрамхана қирандыларының астында қалып қойған, сонымен қатар, 86 жастағы ер адам жер сілкінісінен кейін қатты күйзеліп, инфаркттан көз жұмды. Жер сілкінісінен қаза тауып немесе зардап шеккендер туралы нақты мәліметтер анықталып жатыр.

Сантьягода мыңдаған адам ғимараттардан көшеге қашып шықты. Адамдар жер сілкінісінен теңселген үйлеріне қайтудан қорқады. Жолдар мен үйлер бүлінді.

Дереккөз: tengrinews.kz

17 қыркүйек 2015, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.