Атырау, 29 қараша 01:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Аңшылық: қайықтары мен рұқсат қағаздары болғаны жөн

1 628 просмотра

Image 030 қарашаға дейін созылатын осы күзгі аңшылық маусымда «Ақжайық» мемлекеттік табиғат резерватының Приморский учаскесінде жабайы үйректер мен қаздарды атуға рұқсат берілді.

Аңшылыққа жолдама Владимирск,102 мекенжайында орналасқан «Ақжайық» МТР әкімшілігінде тіркелуі тиіс. Жолдамаға және айрықша қорғалатын табиғи аумаққа кіру үшін төленетін төлемді кез-келген банктен немесе «Қазпочта» АҚ арқылы аудару қажет. Жолдаманың құны – 4 744,18 теңге, «Ақжайық МТР» аумағында бір күн болу 198,2 теңге тұрады. Аңшылық учаскесінің рұқсат беру мүмкіндігі – бір маусымға 250 адам. Жолдамаларды берерде навигацияға рұқсаты бар қайықтары мен шекаралық рұқсат қағаздары бар аңшыларға басымдық беріледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қыркүйек 2015, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.