Атырау, 29 қараша 01:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Атырауда «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ қызметкерлерінің Спартакиадасы басталды

3 396 просмотра

Image 0Сейсенбі күні, 15 қыркүйекте «Мұнайшы» стадионында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «ҚМГ» БӨ» АҚ еңбек ұжымдарының ІV спартакиадасының салтанатты ашылуы өтті.

Салтанатты ашылу рәсімінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН, «ҚазМұнайГаз»БӨ»АҚ-ның бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Қайырбек ЕЛЕУСІНОВ және «Ембімұнайгаз»АҚ-ның бас директорының бірінші орынбасары Айболат ҒАБДУЛЛИНДЕР сөз алып, қатысушыларды құттықтады.

Спорт сайысына «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС, Жаңаөзен қаласынан сервистік компаниялардың құрама командасы, сондай-ақ ҚМГ БӨ орталық аппараты мен Инженерлік орталық, «Урал Ойл Газ» ЖШС, «Карповский Северный» ЖШС, «Барлау активтері» ЖШС құрама командалары қатысуда.

Сайысқа Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Астана, Орал қалаларынан барлығы 350-ге жуық мұнайшы жиналды.

Спартакиада біздің компанияның игі дәстүріне айналды, - деп атап өтті спартакиаданың ашылу салтанатында Қайырбек Елеусінов. – Бұл рухты көтеретін және өте әсерлі шара. Бұған біздің бүкіл еншілес компаниялардың қызметкерлері жыл бойына дайындалады. Спартакиада мұнайшыларымыздың салауатты өмір салтын ұстануына түрткі болады.

Image 1

Қалыптасқан дәстүр бойынша, ҚМГ БӨ еншілес компаниялары кезек бойынша Спартакиаданы қабылдап алады. Қазіргі төртінші спартакиада Атырауда алғаш рет өткізіліп отыр. Сайыс басталардан бұрын спартакиадаға қатысушылар «Сарайшық» мемориалдық кешеніне дейін автошеру ұйымдастырып, Сабыр ҚАЗЫБАЕВ атындағы жетім балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілерімен кездесті.

15-18 қыркүйекте мұнайшылар волейбол, баскетбол, мини футбол, үлкен және үстел теннисі, жүзу, жеңіл атлетика, шахмат, қазақша күрес, арқан тартыс және тоғыз құмалақ секілді спорт түрлері бойынша сайысады.

Ашылу салтанатынан кейін жеңіл атлетикадан алғашқы сайыстар өтті. Спорттың осы түрі бойынша бірінші орынды Қызылорда облысының «ҚазГерМұнай» АҚ командасы иеленді. Екінші орын «Өзенмұнайгаз» АҚ және үшінші орын Жаңаөзен қаласының «ҚМГ БӨ» еншілес компаниялар командаларының (олардың арасында ҚазГӨЗ, KMGEP Catering, «Круз» ЖШС, «Жөндеу» ЖШС және т.б. бар) еншісіне бұйырды.

Арқан тартыс - ең әсерлі сайыс болды. Командалар бұл сайысқа ең «салмақты» қызметкерлерін шығарды. Мұнда «Өзенмұнайгаз» АҚ командасы сөзсіз жеңіске жетіп, екінші орынды – «Ембімұнайгаз» АҚ командасы иеленді. ҚМГ БӨ орталық аппараты үшінші орынды еншіледі.

(Жарнама негізінде)

17 қыркүйек 2015, 15:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған