Атырау, 20 мамыр 02:09
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Анасы өз әрекетін түсінбеген

2 172 просмотра

Image 0Жаңа туған нәрестесін әжетханаға тастаған әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Естеріңізге салсақ, бұл сұмдық жағдай 7 шілдеде орын алған еді. Жылыой АІІБ-не «жедел жәрдем» фельдшерінен Құлсары қаласының 5-ауылындағы үйлердің бірінің ауласындағы дәретхана шұңқырынан кіндігі кесілмеген жаңа туған нәресте табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.

Сол жерге жеткен полицейлер дәретхана дуалын бүйірлете құлатып, жаңа туған сәбиді шығарып, медиктер қолына тапсырады. Ұл бала облыстық перзентханаға жеткізілді. Сонымен қатар, сәбидің анасы Құлсары қаласының 22 жастағы тұрғыны, 2-топ мүгедегі екені анықталды.

Үш айдан кейін оған қатысты қозғалған қылмыстық іс қылмыс-тық құрам болмағаны үшін тоқтатылды. ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, әйел ұзақ уақыттан бері психиатриялық есепте болған, оның мүгедектігі ақыл-ойының дамымауына байланысты екен. Ұл баланың жағдайы жақсы, оны анасының ата-анасы - атасы мен әжесі тәрбиелеуде.

Анастасия ПАСТУХОВА

17 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.