Атырау, 5 мамыр 12:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

2 969 просмотра

Зілтемір

Image 0Тайландта өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Атырау облысы атынан додаға қосылған Ермек Өміртай (суретте ортада) 85 келіге дейінгі салмақта алтын медаль ұтты. Бұл туралы облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Н. Ермұханов хабарлады.

Ермек серпе көтеруде 161 келі, жұлқа көтеруде 203 келі көтерді. Бұл оған қоссайыс қорытындысы бойынша құрлық чемпионы атағын жеңуге мүмкіндік берді. Спортшыны облыстың аға жаттықтырушысы Тахир Халматов жаттықтырады.

Суретті Н.Ермұханов ұсынды

***

Бокс

Түріктің Эрзурум қаласында бокстан «Түркия президентінің кубогы» халықаралық турнирі өтті.

Жарысқа Англия, Ресей, Әзірбайжан, Иран, Швеция, Норвегия, Франция, Қытай, Ауғанстан, Нигерия, Шри-Ланка, Конгодан мықты боксшылар қатысты. Қазақстан намысын Атырау облысының құрамасы қорғады. 64 келіге дейінгі салмақта Қамбар Ғинаятов қола жүлдегер атанса, Амандық Манашев (75 келіге дейін) пен Рахман Әлжанов (91 келіге дейін) «күміс» иеленді.

***

Волейбол

Image 1Орал қаласында 1999-2000 ж.т. жасөспірімдер командалары арасында қала әкімінің жүлдесіне волейболдан халықаралық «Достық» турнирі өтті.

Жарысқа Ресейдің Новокуйбышевск, Соль-Илецк, Нижневартовска қалаларының, сондай-ақ, Астана, Орал, Шымкент және Атырау командалары қатысты. «Атырау» волейбол клубы жанындағы Академия шәкірттері ресейліктерді жеңіп, алаң иелері мен оңтүстікқазақстандықтардан кейінгі үшінші орынды алды. «Атырау» командасын тәжірибелі жаттықтырушылар Е. Бектілеуов пен Н. Қайырлиев жаттықтырады. Спортшылар мен жаттықтырушылар қолдау көрсеткені үшін «Атырау» волейбол клубының директоры Болат Қабдрахиев пен облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Нұржан Ермұхановқа алғыс айтады.

Суретті «Атырау» ВК ұсынды

***

Петропавловскідегі ел чемпионаты

Атыраулық спортшылар арасынан Азия чемпионатының жүлдегері, ҚР спорт шебері Мейірлан Әсет алтын медаль алды. Жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Жорик Сәлімгерей мен тағы бір жастар арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері Азамат Өтемісов «күміс» иеленді.

Өкінішке орай, денсаулығына байланысты чемпионатқа атақты кикбоксшымыз, әлемдік WAKO рейтингісінің Full бөлімінде бірінші нөмірлі спортшы Абзал Дүсіпов қатыса алмады, - дейді облыстық кикбоксинг федерациясының директоры Ерік БОТАХАНОВ. – Қазір ол Мәскеуде емделіп жатыр, алайда жақында қатарымызға қосылатынына сенімдіміз.

***

Шыдамды шыңға шығады!

«Мұнайшы» стадионының спорт залында WKF каратеден қала чемпионаты өтті.

Жарысқа жүзден аса жас каратеші қатысты. Татамиға алдымен 5-7 жас аралығындағы балалар шықты. Осындай айқасқа түсу арқылы жас бүлдіршіндердің рухы мен күштері нығаятынын байқамасқа болмайды: тістеніп алып, қиын тәсілдерді жасап жүрген балалар мен қыздар өз жанкүйерлерінің, әсіресе, әрине, ата-аналарының сенімін ақтауға жандарын салды.
Балалар арасында жарыс қорытындысында өз салмақтары мен жас ерекшелік санаттарында келесілер жеңімпаз атанды: Әли Мұхитов, Мәлика Мұрат, Максим Пак, Нұрәлі Сабит, Ғизатолла Ілиясин, Ниязов Ғарифбай, Никита Боос, Карина Крешневская, Ксения Гостева, Нұрдаулет Байтөбетов, Айбар Алпысбай, Әлішер Мырзабек, Әмірхан Сатыбалдиев, Файзолла Батырғали, Ералы Аманжол, Тату Өтеғұл, Тамерлан Қапашев, Бекзат Қуаныш, Еркебұлан Машанов, Әлішер Құбаев, Нұрбек Кенжебай, Сағынбек Хасан, Асқар Мизамғали. Сондай-ақ, Ұлмекен Жалғас, Әбілмансұр Батырғали, Бекзат Руслан, Бекзат Серікқалиев, Аружан Жаңбыр, Диас Қалиев, Михаил Романенко, Злата Гончарова жеңіске жетті. Барлығын жеңісімен құттықтаймыз!

Жарысты қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімі мен «Қайсар» спорт клубы ұйымдастырды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ, Анастасия ПАСТУХОВА

17 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.