Атырау, 2 маусым 18:24
 дождьВ Атырау +14
$ 488.96
€ 569.49
₽ 6.81

Наубайхана өнімдері сұраныста

3 313 рет қаралды

Image 0Жанбай ауылында екі наубайхана бар. Олар жұртшылықтың сұранысына ие болуда. Мәселен, Еділжан ТІЛЕПҚАЛИЕВТІҢ наубайханасы тапсырыспен кеспе, тіпті, еттің қамырына дейін дайындап береді.

- Түрлі тәттілерге той кезінде ұсыныс түседі. Біз кімнен не сұраныс түседі, соны қанағаттандыруға тырысамыз. Бұдан бөлек ақ, қара бөлке нандардың күніне 150-160-сын дайындаймыз. Біреуін 50 теңгеден сатамыз. Бағаны одан әрі төмендетуге мүмкіндік жоқ. Себебі, түрлі шығындарды және несиемізді өтеуіміз керек қой , - дейді Е. Тілепқалиев.

Олар осы кәсіптерін бастамас бұрын «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның Атырау филиалынан 3 млн теңге несие алған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


17 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.