Индербор кентінде миллиард теңгеден астам сомаға бағаланған кәріз құрылысы пайдаланылуға берілмей отыр. Не себепті?
Кенттегі көпқабатты үйлер мен нысандарға арналған кәріз жүйесі ғимаратының пайдаланылғанына 40 жылдан асты.
Бұдан үш жыл бұрын басталған кәріз ғимараты (суретте) нысанының құны 1 млрд 221 млн теңгеге бағаланған. Құрылысты жүргізуші «Алау-Жайық» ЖШС.
Облыстық құрылыс басқармасының бастығы Елтай ҒАЛЫМЖАНОВТЫҢ айтуынша, кәріздік сорғы стансасының құрылысы аяқталған. Бірақ іске қосу-реттеу жұмыстарына қосымша қаржы жоқ.
- 2014 жылы 28 қарашада №5 қосымша келісімшарт жасалды, мемсараптамадан өткізілді, енді тендерді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Нысанды осы жылдың аяғында тапсыру жоспарланып отыр, - дейді Е.Ғалымжанов.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА