Атырау, 20 мамыр 02:41
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Педофил анасының досы болып танысқан

2 004 просмотра

Image 0Атырау қалалық №2 соты Атырау қаласының 28 жастағы тұрғынын екі ай мерзімге қамауға санкция берді.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу жорамалы бойынша, 10 қыркүйекте күндіз күдікті үй подъезінің алдындағы орындықта отырып, подъезге кірген қыз бен оны шығарып салған ұл баланы көреді. Ол қыздың қай пәтерге кіргенін білу үшін соңдарынан ереді. Досының кеткенін күткен ол ғаламтор арқылы пәтердің үй телефонының нөмірін анықтап, өзін анасының досымын деп таныстырып, үйде қыздың жалғыз екендігіне көз жеткізеді. «Қыз есік ашқан кезде, ол пышағын шығарып алып, үйге баса көктеп кіріп, кәмелетке толмаған қыздың алқымына пышақ тақап, сексуалдық сипаттағы зорлық әрекетін жасау мақсатында оны күштеп жатын бөлмеге апарады. Өзіне қатысты емес жағдайға байланысты әрекетін аяғына жеткізбей пәтерден қашып кетеді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 149-бабының 2-тармағы Күш қолданып не оны қолдану қатерін төндіріп, тұрғынжайға заңсыз басып кiру»), 24-бабының 3-тармағы («Қылмысқа оқталу») және 121-бабының 3-тармағының 3-тармақшасы ("Көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

16 қыркүйек 2015, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.