Атырау, 29 қараша 01:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Аудан жаңалықтары

2 460 просмотра

Қоралар өртеніп кетті

Қыркүйектің 2-сі күні таңғы сағат 04.00 шамасында Индер ауданы Елтай ауылында екі тұрғынның аула-қорасы өртке оранды.

Түн ортасын ала шарпыған өрттің салдарынан тұрғындардың малы үшін жинап қойған қысқы шөбі түгелдей жанып кетті. Аудан орталығынан келген өрт сөндірушілерге өртті сөндіру мүмкін болмады. Бүгінгі таңда өрттің шығу салдары тексерілуде. Зардап шеккендер болған жоқ. Алайда, қаржыға сатып алынған шөптерінің жанып кетіп, шығынға батуы тұрғындар үшін оңайға соқпады.


***

«САЗДЫҒА» ГАЗ КЕЛДІ

Құрманғазы ауданындағы елді мекендерге көгілдір отын тарту жұмысы жалғасуда.

«Сазды» елді мекенінің тұрғындары қидан құтылды. Шағын ауылға газ келіп, халықтың қуанышында шек жоқ.

Мұнымен қоса Ганюшкино селосында заманауи үлгімен жабдықталған 280 орындық балабақша пайдаланылуға берілді. Оның құрылысын «АзияТехСтрой» ЖШС жүргізді.

***

КАНАЛ ЖӨНДЕЛДІ

Таяуда Исатай ауданы «Қызыл үй» елді мекені маңындағы 20 км канал күрделі жөндеуден өтіп, қалыпқа келтірілді.

Бұған бюджеттен 4 млн теңге жұмсалды.

***

БАЛЫҚШЫЛАР ӘЗІР ОТЫР

«Каспий-Балық» ӨК-нің 1000-ға тарта адамы күзгі балық аулау маусымына құрал-сайманын сайлап, әзір отыр.

Олар межеден шығуды жоспарлауда.

***

ЖАҢА МЕКТЕП ҚАДАҒЫ

60 жылдық ғұмыры бар Индер ауданы Аққала ауылындағы мектеп апаттық жағдайға жетті. Енді оның орнына 120 орындық екі қабатты жаңа мектеп салынатын болды.

Бүгінде мердігер «СамалНефтьСтрой» ЖШС іргетасының қадағын қағып, құрылысты бастап кетті. Мектеп келесі жылы пайдаланылуға берілетін болады.

***

ЖОЛДАР ЖАҢАРУДА

Мақат кентінде 4,5 км болатын үш көше және көпқабатты үйлердің алдындағы көлік жолдарын жөндеу жұмысы жүруде.

300 млн теңгеге бағаланған жол жөндеуді «АИС» ЖШС жүргізуде. Жұмыс биыл аяқталмақшы.

***

ЖЫЛЫОЙЛЫҚТАР ЕРЛЕДІ

Жылыой ауданындағы 7 шаруашылық егінмен айналысады.

Олар 106 гектардан 219 тонна көкөніс, 430 тонна бақша өнімдерін жинап үлгерген. Егісте жиын-терін қызу жүруде. ШҚ өнімдерін жәрмеңкеде төмен бағамен сатуда.

***

АТЫРАУ-АСТРАХАН ТАС ЖОЛЫ ӨЗГЕРЕДІ

Атырау-Астрахан тас жолы Тұщықұдық ауылын кесіп өтіп жатыр.

Бұл село адамдарына қауіп төндіріп отыр. Исатай ауданы әкімінің орынбасары Артур ҚУАНЫШКЕРЕЕВТІҢ хабарлауынша, бүгінгі күні ауылдың сырт жағынан айналма жол салу жұмысының сметалық құжаты жасалып жатыр екен.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА



17 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.