Атырау, 17 желтоқсан 02:20
 ашықВ Атырау -7
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Иесіз қалған бекеттер

2 708 рет қаралды

Image 0Мақат және Индер аудандарындағы қыруар қаржыға салынған бақылау-өткізу бекеттері иесіздік қамытын кигелі біраз болды.

Кезінде ІІД сұранысымен салынған бекеттер тас-талқан күйде. Есік, терезесі сынып, әжетханаға айналған. Бүгінде Индер ауданы Елтай округі балансына көшкен бекеттің жұлынған терезесі мен есігінің орнына кірпіш қалап, бітеп тастапты.

- Басқалай амал қалмады. Бекет Атырау-Орал тас жолы бойында орналасқан, оны кімнің қиратқанын анықтау мүмкін емес. Екіншіден, округтен 25 шақырым қашықтықта орналасқан. Бастапқыда күзетші қойдық. Кейін адамдар күзетшіліктен бас тартты, - дейді Елтай округі әкімі Ербол ДҮЙШІМ.

Доссордан Атырауға шыға берістегі екі шақырым жерде орналасқан бақылау бекеті де иесіз қаңырап тұр.

- Жол үстінде көрнекі жерде орналасқандықтан қайта-қайта жөндеуімізге тура келуде. Енді тағы да қалыпқа келтіреміз, - дейді Мақат аудандық тұрғын-үй, коммуналдық-шаруашылық және жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары бөлімінің бастығы Аслан ҚОСМАҒАМБЕТОВ.

Кезінде ІІД сұранысымен салынып, кейін алудан бас тартылған бекеттер енді ешкімге керек емес болып қалған. Бекеттер құрылысына 2007-2008 жылдары бюджеттен 22 млн 540 мың теңге бөлінген болатын.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.