Атырау, 20 мамыр 02:01
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оқиғалар тізбегі

2 682 просмотра

Image 0

Теміржол вокзалында 2 қыркүйекте полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері Исатай ауданының 42 жастағы тұрғынын ұстады. Оның сөмкесінен салмағы 10 келі болатын жаңа ауланған бекіре еті табылған. ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу») қылмыстық іс қозғалды.

***

Құлсары қаласының 58 жастағы тұрғыны ҚІІБ-не қала маңындағы Көкарна поселкесінде тұратын 40 жастағы алаяқ әйелдің құрбандығына айналғандығы туралы шағымданды. Үш жыл бұрын күдікті жеңілдікпен несие алып беруге көмектесемін деп уәде беріп, зардап шегушіден 106 мың теңге алып, ғайып болған. Іздеу жарияланды.

***

Жұлдыз поселкесінде полицей патрулі 24 жастағы мас жүргізушісі бар «Лада» көлігін тоқтатты. Ұсталушының өткен наурыз айында осындай заң бұзушылық үшін жүргізуші куәлігінен айырылғандығы анықталды.

***

Авангардтағы 4-ші ықшамауданда 11 қыркүйекте белгісіз біреу кассадан 30 мың теңге алып, ғайып болған. Күдікті ұсталды – ол 2-ықшамауданның 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу жүргізілуде.

***

Сарыөзек маңындағы Атырау-Астрахан тас жолында 12 қыркүйекте су полициясы Атыраудың 23 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Тойота-Ланд Крузер» көлігін тоқтатты. Машинадан жалпы салмағы 40 келі болатын жаңа ауланған бекіре еті табылды. Тергеу жүргізілуде.

***

Полицияға Атыраудың 24 жастағы тұрғыны жүгінді: маусым айында бауыры оған бірігіп бизнеспен айналысу үшін 3 млн теңге мөлшерінде несие алып, оны бірге өтеуге ұсыныс жасаған. Зардап шегуші несие алған, ал бауыры несиедегі өз үлесін төлемей жүр екен. Тексеру жүргізілуде.

17 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.