Атырау, 6 желтоқсан 07:44
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Лос-Анджелес ХОК-қа 2024 жылғы Олимпиаданы өткізуге ресми өтінім жолдады

1 361 рет қаралды

Image 0Американың Лос-Анджелес қаласы Халықаралық олимпиада комитетіне 2024 жылы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге ресми өтінім жолдады. Бұл туралы АҚШ Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтында хабарланған.

«ХОК президенті Томас Бахтың маңызды бастамасы – «Күн тәртібі-2020» бағдарламасы туралы сөз қозғағанда, ХОК-тың Олимпиада ойындарын өткізуге қажетті барлық талаптарға сай келетін қаламен ынтымақтастық орнатуды қалайтынын аңғаруға болады», - дейді ЮСОК атқарушы директоры Скот Блэкманның мәлімдемесінде.

«Олимпиада жалауын 25 жылдан кейін АҚШ төрінде қайта желбіретуге біздің қаланың мүмкіндігі мен тәжірибесі жетеді. Лос-Анджелес тарихымыздың маңызды сәттерінде Олимпиада қозғалысымен ынтымақтасқан қала. Біздің қаланың өтінімін ХОК-қа тапсыру бақыты маған және мэр Гарсеттиге бұйырды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Жаһандық маңызы зор спорт шарасын өткізуден үмітті барлық қалаға тек сәттілік тілеймін», - дейді өтінім комитетінің жетекшісі Вассерман.

2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуден сондай-ақ Рим (Италия), Гамбург (Германия) және Будапешт (Венгрия) шаһарлары үмітті.

Дереккөз:bnews.kz


16 қыркүйек 2015, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.