Атырау, 19 мамыр 23:56
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тәжікстанда «Альфа» тобы басшысы мерт болғаны хабарланды

1 263 просмотра

Image 0

Тәжікстандағы Рамит шатқалында елдің қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары,қашқын генерал Абдухалим Назарзодағақарсы арнайы операция кезінде сейсенбі күні кешке тәжікстандық қауіпсіздік күштерінің кемінде екі қызметкері қаза тапқан.

Мерт болғандар – Тәжікстан ұлттық қауіпсіздігі мемлекеттік комитетінің «Альфа» арнайы тобының жетекшісі, 41 жастағы полковник Рустам Амакиев пен оның қарамағында қызмет атқарған адам деп хабарлады Азаттықтың Тәжік қызметі.

Сонымен бірге, сейсенбі күні Рамит шатқалын шолуға шыққан әскери тікұшақ артқы жақ бөлігіне оқ тиген соң қонуға мәжбүр болғаны, бірақ ешкім зардап шекпегені туралы хабарланды.

Рамит шатқалында генерал Назарзоданы іздестіру операциясы қыркүйектің 4-інен бері жалғасып жатыр.

Бұған дейін арнайы операция барысында 100-ден аса адам ұсталып, 20-ға жуық күдікті мерт болғаны, құқық органдары жағынан 9 адам қаза тауып, оннан аса адам жараланғаны хабарланған.

Дереккөз: azattyq.org

16 қыркүйек 2015, 12:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.