Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда қайыр сұрайтындар көп

2 456 рет қаралды

Image 07 қыркүйектен бастап Атырау облысында «Қайыршы» жедел-алдын алу шарасы жүргізіледі. Бір апта ішінде полицейлер 240-тан астам құқық бұзушыны ұстады.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449-бабына сәйкес, қоғамдық орындарда сатып алу, сату, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де

қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіруге тыйым салынады, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА.

Атап айтқанда, 188 қайыршы, жеке тасымалдау қызметін тықпалағаны үшін 31 адам, сексуалдық қызмет ұсынған – 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, Атырау қалалық ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері Балықшыдан қайыр тілеумен айналысып жүрген 43 жастағы ер адамды ұстады. Алғаш ұсталып отырмағандықтан, ол 5 тәулікке қамалды.

Тәртіп бұзушыларға барлығы 700 мың теңгедей айыппұл салынды, - деп хабарлады Г.Мұхтарова.

Тамара СУХОМЛИНОВА

16 қыркүйек 2015, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.