Алдыңғы жарияланымдарымызда біз құс тұмауына байланысты суда жүзетін құстарды аулау күзгі маусымының ашылуы кейінге шегерілгені туралы хабарлағанбыз («Үйлеріңізде отырыңыздар, құстар тұмауратып жүр» мақаласын қараңыз).
Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының бас маманы Сақтап ӘЛІПҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, 15 қыркүйекте Италиядан шалыгадан атып алған құстарды зерттеу қорытындылары келді – құс тұмауы анықталмады. Сол күні аумақтық инспекцияда 16 қыркүйек – 30 қараша аралығында суда жүзетін құстарды аулау күзгі маусымын ашу туралы бұйрыққа қол қойылды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ