Атырау, 27 қыркүйек 18:36
 дождьВ Атырау +23.2
$ 441.88
€ 503.61
₽ 5.24

Еуроодақ мигранттар ағынын бақылау операцияларын күшейтпек

1 356 рет қаралды

Image 0Еуроодақ көші-қон ағынын бақылау операциясын күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл туралы кеше ЕО-ға мүше 28 елдің ІІМ басшыларының миграция мәселелеріне қатысты өткізген шұғыл отырысының қорытындысы бойынша жасалған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Кеңес тиімді шекаралық бақылау көші-қон ағынын басқару үшін қажет екенін атап өтті. Аталған Кеңес «Тритон» және «Посейдон», сондай-ақ EUNAVFOR MED / босқындарды тасымалдайтын кемелерді жою/ операцияларын одан әрі күшейтуге ниетті екенін білдірді», - деп түсіндірілген мәлімдемеде.

Бұған қоса, ІІМ басшылары Еурокомиссияның жыл соңына дейін ЕО-ның сыртқы шекаралардың қауіпсіздігі жөніндегі агенттігінің (Frontex) мүмкіндіктерін айтарлықтай нығайту туралы ұсынысын қолдады.

Дүйсенбіде өткен шұғыл отырыстың қорытындысы бойынша ешбір ресми мәлімдеме қабылданған жоқ.

Дереккөз: bnews.kz


15 қыркүйек 2015, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.