Атырау, 6 желтоқсан 07:43
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Австралиялық боксшы Дэвид Браун қарсыласының ауыр соққысынан көз жұмды

2 115 рет қаралды

Image 0Австралиялық кәсіпқой боксшы Дэвид Браун филиппиндік Карло Магалиден нокаутпен жеңіліп, рингте алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sky News Australia.

Жұма күні Инглбернде (Австралия) екінші орта салмақта қос боксшы арасында өткен жекпе-жекте филлипиндік боксшы 12-раундта жеңіске жетті. Браун кездесуден кейін миы зақымданып ауруханаға жеткізілді. Арада бірнеше күн өткенде боксшының миына түскен жарақатқа ем қонбай, ауруханада көз жұмған.

28 жастағы Дэвид Браун кәсіпқой бокста 24 жекпе-жек өткізіп, 22-сінде жеңіске жеткен, 2 кездесуінде жеңілген, 1 қарсыласымен тең түскен.

Дереккөз: bnews.kz


15 қыркүйек 2015, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.