Атырау, 6 желтоқсан 07:44
 ашықВ Атырау +3
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Аман Төлеев Кемеров облысының губернаторы болып қайта сайланды

2 493 рет қаралды

Image 0Этникалық қазақ Аман Төлеев Ресейдің Кемеров облысының губернаторы болып сайланды. Электораттың 96,7 % дауысын жинап, рекорд жаңартқан саясаткер өзінің 4 қарсыласын шаң қаптырған. Төлеев бұл губернаторлық қызметке бесінші рет тағайындалып отыр, ол үш рет сайлау арқылы, екі рет президенттік тағайындаумен аталмыш қызметке лайықты деп табылған болатын.

Төлеев бастамаларының арқасында Кемеров облысы «балалар уақыты туралы» заңның қабылдануына мұрындық болды, рождество мерекесін алғашқылардың бірі болып демалыс күні ретінде жариялады, шетелдіктердің жетім балаларды асырап алуына қарсы заң шығарды. Бұл бастамалардың барлығы артынша бүкіл Ресейлік сипат алды. Аман Төлеев 90-жылдары Ресей Президенттігіне де үміткер болған азамат.

Дереккөз: bnews.kz


15 қыркүйек 2015, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.